Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
Құрметті ханымдар хәм мырзалар!
Қыркүйек айының 29-ында сағат 11.00-де “Bilim – Central Asia” Білім орталығында ( М.Төлебаев 31 Мақатаев көшеcінің қиылысы) қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі өтеді.
Кездесу тренинг форматында өткізілмек.
Кездесу бағдарламасы:
11.00-11.05 Танысу
11.05-11.30 Блог туралы түсінік (Асхат Еркімбай – модератор)
11.30.-11.40 Сұрақ-жауап
11.40.-11.45 үзіліс
11.50.-12.15 Үнхабар (podcast) дегеніміз не? Оны қалай дайындайды? (Қуаныш Мағзуов)
12.15-12.25 Сұрақ-жауап
12.25.-12.30 Үзіліс
12.30-12.55. Қорытынды. Пікір ұсыныстар.
Достар, семинар [...]
Жазылған : хабарландыру | Leave a Comment »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
БақытнұрЖақсы блогшы болуға арналған он кеңес атты мақала орнатқан болатын. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Жақсы блоггер болушыларға арналған он кеңес»
Жазылған : кеңестер | Leave a Comment »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
Блог туралы әңгімемізді жалғастырайық.
«Ең маңыздысы мазмұн жасау ма жоқ әлде адамдардың жиналып, танысып, достасып (өмір бойы бір-бірлерін көрмеуі мүмкін), пікір алысатын орта қалыптастыру ма?» деген сұраққа Украинада блог негізінде бірінші интернет-басылымды ұйымдастырған азаматтар «Әрине, пікір алысатын орта қалыптастыру » деп жауап береді.
«Ең бастысы адамдардың не жазғаны емес, бір-бірімен қалай сұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, қандай [...]
Жазылған : жалпы мағлұматтар | Leave a Comment »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
Блог дегеніміз не?
Жаңалық ашайын деп отырғаным жоқ, бірақ көпшіліктің бұл туралы хабары жоқ екені рас. Көбінесе блог дегеніміз – он-лайн күнделік деп түсіндіреді. Блог туралы әлемторда жазылғандарды жинақтап былай деуге болады:
1. Блог – бұл сайт.
2. Блогтағы хабарлар хронологиялықтәртіпте орналасады.
3. Блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады.
4. Блогта басқа сайттарға (авторға қызықты) сілтемелер болады.
5. Блогта негізінен [...]
Жазылған : жалпы мағлұматтар | 1 пікір »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
Қазақ тілінде бірінші үнхабарды Асхат Жаңаеуразия блогында ұсынды.
Тағы бір үнхабарды Қуаныштың блогында тыңдай аласыздар.
Осылай-осылай үнхабарлардың саны да өсіп, сапасы да жақсара түседі деп сенемін.
Жазылған : үнхабар | Leave a Comment »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
УордПресс – қайнар коды ашық (оупен-сорс), блог жабдықтаушыларға арналған тегін програма.
УордПрессті PHP тілінде жабдықталып, МySQL датабейcін қолданған веб жасақтау системасы деп түсінуге болады. УордПресс жиі жаңартылып отыратын веб сайттарды (әсіресе блогтарды) жасақтауға өте тиімді. GNU (General Public License) Жалпыға арналған лицензия арқылы УордПрессті тегін қолдануға болады.
Жазылған : wordpress | Leave a Comment »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
Төменде берілген pdf құжатта blogspot-та қалай блог жасауға болатыны түсіндіріледі.
Сұрақтарыңызды комментарийге жазыңыздар.
Blogspot-та блог жасау
Жазылған : blogspot | 4 Пікірлер »
Posted on Қыркүйек 26, 2007 by Bakytgul Salykhova
Осы блогқа қош келдіңіздер!
Көкейіңізде жүрген сұрақтарға жауап табасыздар деп ойлаймын.
Жазылған : жалпы мағлұматтар | Leave a Comment »