Блог жайлы сұхбат!

QB «Азаттық» радиосына сұхбат берген болатын, сол эфирге 20-қарашада берілді. Әңгіме негізінен «Қазақстанда интернетті қазақ тілінде дамытуға не кедергі? Қазақ тіліндегі блогтардың жай-күйі» тақырыбында өрбіді.
Тыңдау үшін осында басыңыз

QB “Астана” телеарнасына сұхбат берді

Блог тақырыбы қазақ қоғамында күннен күнге үлкен қызығушылық тудыруда. Өткен аптада QB бір топ қазақ журналистерінің басын қосып, “Қазақ тілінде блог жүргіздуің қыр-сыры” деген тақырыпта семинар өткізген еді. “Астана” телеарнасының журналистері осы семинар жайлы хабарды Дүйсенбі күні кешкі жаңалықтардан көрсететін болды. Алдағы уақытта осы тектес семинарларды Астана, Қарағанды қалаларында да өткізу ойластырылуда.

Сұхбат беру оңай шаруа [...]

Мәссағанды құттықтаймыз

“Мәссағанның” Award-2007 интернет байқауында мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт номинациясы бойынша жүлделі екінші орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз.
             
PS: Дипломның орыс тілінде жазылғаны және .com -ның орнына .kz деп берілгені үшін ұйымдастырушылардың атынан кешірім сұраймын.

Рига-2008 блогшылар жиынына қатыс!

Киевтегі BlogCamp 2007 блогшылар жиынынан соң, ригалықтар өз қалаларында келесі кездесуді ұйымдастыруды қолға алды. BarCamp Baltics 2008 жылдың 25-27 қаңтарында (Ескерту: Ұйымдастырушылар 8-10 ақпанға жылжытты. Суретті қараңыз) Ригада өтеді деп күтілуде.

Қосымша мәліметтердің барлығын арнайы парақшадан қарай аласыз. Бұл жиынға қазақ блогшылары да қатысар деген ойдамын. Тіркеу 15 қараша күні басталады. Бұйртса, Ригадағы жиын туралы қосымша ақпараттар жазып отыратын боламыз. [...]

Пікірдің ішінде сілтеме жасау, қалыңырақ қылып жазу

Сәкеннің үшінші сұрағы: “Орнатқан комментердің ішінде сілтеме жасау үшін, басқа түспен, немесе қалыңырақ қылып жазу үшін не істеу керек???”
Блогспотта пікір қалдыратын жерде мынадай кеңес берілген: “Можно использовать некоторые HTML-теги, например <b>, <i>, <a>“. Бұл жерде, мысалы, <b>Менің ойымша</b> - бұл сөз қою қара болып жазылады;  <i>кітаптар</i>- бұл сөз бір жағына “қисайып” тұрады; 
<a href=”http://aspazdik.blogspot.com/”> http://aspazdik.blogspot.com/</a> деп [...]

Пікірдің жанында сурет орналастыру

Сәкеннің екінші сұрағын дұрыс түсінсем, ол пікір жазған кезде, пікірдің жанында суретінің тұрғанын қалайды.  Ол үшін блогыңызға кіріп «Настройки» дегенді басасыз, соның ішінен «Комментарии» дегенді таңдап аласыз. Көп сұрақтың ішінде «Показывать в комментариях изображения из профиля?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріп, бетті сақтаңыз. (Төмендегі суретті қараңыз)
   
Әрине бұған дейін сіз «Профильде» өз суретіңізді жүктеп қоюыңыз [...]

Template дегеніміз не?

Эльвира бізге ренжімес, оның сұрақтарына әлі толық жауап беруге уақыт таба алмай жытырмыз
Төменде Сәкеннің қойған сұрақтары:Сәлем барлықтарыңызға!!!
Менде де сұрақ жетерлік (үйіліп жатыр)
1. Темплейт - дегеннің не екенің түсінбей отырмын.
2. Мен blogspot. -та комменттеріме сурет қосып орнатуды әлі білмеймін
3. Орнатқан комментердің ішінде сілтеме жасау үшін, басқа түспен, немесе қалыңырақ қылып жазу үшін [...]

Не себепті блог бастадың?

Бұған дейінгі жазбаларымыздың бірінде BBC тілшісіне сұхбат бергенімізді айтқан едік. Соңында оқырмандарға да бірер сауал қойғанбыз. Жанарбек аталған сауалға өз блогында төмендегідей жауап беріпті:
Блог бастау әр кімнің қолынан келетін және жаһандану заманының бірде бір керегі ретінде түсінем. Өз басым блогты жеке басымның күнделігі ретінде қолданам. Бөліскім келген ойларды, тәжрибелерді, суреттерді және жаңалықтарды осы блог арқылы [...]

Блогқа не жазуға болады

Көпшілігіміз блогты онлайн күнделік деп ойлап келгеміз. Қазір блогшылар онлайн күнделікпен шектелмей, әртүрлі салада, әрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік бағытымен жазып келеді. (Соның ішінде қазақ блогшылары да бар)
Жаңа блог бастаушылар блогты қандай бағытта бастаймын, не жазамын деп ойлаған болса онда төмендегі блогтың түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға болатын сияқты.
Қазір блогшылар арасында блог жазудың де-факто 20 [...]