QB BBC радиосына сұхбат берді

Кешке үй телефоным шыр ете қалды. Тұтқаның ар жағынан: “Сәлеметсіз бе? Біз сіздердің қазақ тілінде блог дамытуға үлес қосып жатқандарыңызды естідік. БиБиСи-дің Орта Азия елдерінің қызметі Қазақстандағы жаңа медиаға байланысты радио бағдарлама әзірлеп жатыр. Осыған орай Сіздермен кездессем деп едім” деген дауысты естідім. Сөйлеп тұрған Луиза екен (суретте).

BBC

Ол БиБиСидің Орта Азия елдерінің бөлімінде қызмет етеді. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Орта азия елдеріндегі БАҚ-тардың өзін-өзі басқару мәселесіне қатты көңіл бөліп жатыр екен. Осыған орай БиБиСи бұл мәселеге басқа қырынан келуге тырысыпты. Сөйтіп жаңа медияға тоқталыпты. Қазақ блогшыларынан (QB) Қуаныш екеуміз бодық. Бақытгүл белгілі бір жағдайларға байланысты келе алмады.

Луиза бізге:

  • Не себепті блог бастадыңдар?
  • Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме?
  • Жаңа медиа берген еркіндік салдарынан қоғамда ұлтараздық, дінараздық мәселелер туады деп ойламайсыңдар ма?
  • Қазақ тілінде блогты дамыту не үшін маңызды? т.б.

сауалдар қойды. Біз өз пікірімізді айттық. Ал егер Луиза Сіздерден сұраса, не деп жауап берер едіңдер?

P.S. Хабар эфирге берілген соң, Луиза бізге сілтемесін жолдаймын деп уәде берді.

8 жауап

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.