Жазылған уақыты Желтоқсан 29, 2007 жазған urimtal
Ригадағы Баркэмке қатысты мынадай бір пайдалы да, қызық дерек бар. Бұл хабарды аударған Бақытгүлге алғсымызды білдіремін.
Жобалар байқауы басқа сөзбен Инновациялар инкубаторы деп те аталады.
Мақсаты: Жаңа медия саласындағы инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
Қалай жүзеге асады?
- BarCamp Baltics-ке қатысқысы келгендердің барлығына жаңа жобалардың идеясын (санына шектеу жоқ) немесе жүргізіліп жатқан жобаларды ары қарай дамыту туралы ойларын [...]
Жазылған : жалпы мағлұматтар | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Желтоқсан 28, 2007 жазған urimtal
Ригада ақпан айында өтетін БарКэмпке Қазақстаннан әзірге барлығы 10 адам қатысуға өтініш білдірді. Кейбіреулерінің белсенділігін байқап, ұйымдастырушылар жолақысын төлейтін болды.
Жеке өз басым әлі де екі ойлы болып жүрмін. Виза алу үшін Астанаға бару керек екен. Әрі Ригада тұратын жерді өзің іздеп табуың қажет. Түптеп келгенде солай болуы заңды да. Себебі бұл бейконференция, яғни кенеттен ұйымдастырылатын [...]
Жазылған : жалпы мағлұматтар | 5 Пікірлер »
Жазылған уақыты Желтоқсан 26, 2007 жазған urimtal
Астана мен Қарағанды қалаларында қаңтар айының соңына қарай (шамамен 18-19) “Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры” атты тақырыпта өткізілетін семинарға қатысамын деушілердің төмендегі өтініш үлгісін толтырып, поштама (askhat@neweurasia.net) “”Семинар” деген тақырыппен жолдауларыңызды сұраймын.
1. аты-жөніңіз, мамандығыңыз
2. э-пошта, телефоныңыз
3. блогыңыздың адресі (бар болса)
4. блогқа қатысты нақты қандай тақырыптар қызықтырады
Жазылған : семинар | 3 Пікірлер »
Жазылған уақыты Желтоқсан 26, 2007 жазған urimtal
Кешегі жазбаға қатысты пікірлеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Демалыс күндері блогосферамызды тыныштық орнап жатса оны түсіністікпен қабылдайық.
Arsenal777
бiздiн журналистикадагы студенттер кантардын 10нан кейiн демалыска ауылдарына тарап кететiн адетi бар.
дегенді айтты. Қарағандыда кездесу орны табылғанға ұқсайды. Нақты белгілі болғанда хабар беремін. Шамасы Қарағандыда бірінші өткізетін шығармыз. Арсенал, Сізден осы семинар-тренинг туралы хабарды көптеп таратуыңызды сұраймын. Сосын нақты кімдер [...]
Жазылған : конференция, семинар | 3 Пікірлер »
Жазылған уақыты Желтоқсан 25, 2007 жазған urimtal
Астана мен Қарағанды блогшыларына!
Қаңтар айының орта тұсында (18-19 күндерінің бірінде) Астана қаласында одан соң, Қарағанды қаласында «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыруды ойластырудамын. Осы семинарды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Ең әуелі осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардан, төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.
Нақты айтқанда:
Астанада және Қарағандыда осы тақырыпта семинар [...]
Жазылған : конференция, семинар, хабарландыру | 5 Пікірлер »