Blogger.com немесе блогспот-та дизайынын қалай өзгертемін деп Эльвира сұраған еді. Мен блогспотты қолданбағандықтан жауап бере алмадым. Бірақ блогспоттың бір жақсылығы HTML білсең дизайынын өз қалауыңша өзгерте алады екенсің. Сонымен бірге дайын темплейттерді (template) орналастырyға да болады. Уордпрессте де дизайынын өзгертуге болады, бірақ тек қана берілген ұсыныстардан таңдау қажет.
Егер Блогспотта блог дизайынын өзгертемін десеңіз, тегін “freetemplate” көшіріп әкеліп орналастырыңыз. Оларды төменде берілген екі сілтемеден алыңыз.
Блогспотта жаңа темплейт қосу
1. Таңдаған дизайыныңыздың HTML кодын алдымен көшіріп алыңыз
2. Блогыңыздың manage бөлімінен Template-ке, сосын Edit HTML -ге басыңыз

3. Edit HTML -дің суретте көрсетілген жеріне басыңыз

4. Шыққан терезеге, (1)-де көшіріп алған жаңа HTML кодыңызды жапсырып (paste),

5. Суретте көрсетілгеніндей сақтаңыз

Тегін “freetemplate” беретін сілтемелер:
1. www.finalsense.com/services/blog_templates/

Жазылған : blogspot, сұрақтарға жауап | Tagged: blogger, template





[...] Жалғасын мына жерден оқыңыз… [...]
negizi suraktarim sal baskasha edi, anyway, rahmet.
Aha, kalai uzartuga bolady baganany degensiz. Myna jerden jaksy bir dizain tangdasanyz da bolady eken. Aspazdikka arnalgan tamasha dizaiyndar kordim