Cұраққа жауап
Жазылған уақыты Мамыр 8, 2008 жазған Bakytgul Salykhova
Ақзеренің сұрағы:
Халайық, менің блогымда “соңғы пікірлер” категориясы жоқ. Соны қалай шығарсам болады?
Уордпресте пікірді (оң жақ немесе сол жақ бағанада) көрсету үшін келесі әрекеттерді істеңіз:
- Құрал-саймандар тақтасына барыңыз.
- Дизайн (Design) бөліміне кіріңіз.
- Екінші жолда тұрған «Уиджеттер» дегенге кіріңіз.
- Ашылған беттегі тізімнің ішінен «Соңғы пікірлер» дегенді таңдап, «Қосу» түймесін басыңыз.
- Ол оң жақ бағанада пайда болады (ең соңында тұрады)
- Қаласыңыз оны тышқанмен ұстап қалаған жеріңізге ауыстыруға болады.
- Соңында «Өзгерістерді сақтаңыз» түймесін басыңыз.
- Блогыңызға кіріңіз де «Соңғы пікірлерді» көріп риза болыңыз
Жазылған : сұрақтарға жауап | Ілмектері: Almaty, kazakh, Kazakhstan, қазақ, қазақ блогшылары, qazaqblogshilar



Үлкен рахмет!!! Қойып қойдым
Жарайсың!