Тіркелу

Астана мен Қарағанды қалаларында қаңтар айының соңына қарай (шамамен 18-19) “Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры” атты тақырыпта өткізілетін семинарға қатысамын деушілердің төмендегі өтініш үлгісін толтырып, поштама (askhat@neweurasia.net) “”Семинар” деген тақырыппен жолдауларыңызды сұраймын.
1. аты-жөніңіз, мамандығыңыз
2. э-пошта, телефоныңыз
3. блогыңыздың адресі (бар болса)
4. блогқа қатысты нақты қандай тақырыптар қызықтырады

QB семинары: кездесу орнына қатысты сауалдар

Кешегі жазбаға қатысты пікірлеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Демалыс күндері блогосферамызды тыныштық орнап жатса оны түсіністікпен қабылдайық.
Arsenal777
бiздiн журналистикадагы студенттер кантардын 10нан кейiн демалыска ауылдарына тарап кететiн адетi бар.

дегенді айтты. Қарағандыда кездесу орны табылғанға ұқсайды. Нақты белгілі болғанда хабар беремін. Шамасы Қарағандыда бірінші өткізетін шығармыз. Арсенал, Сізден осы семинар-тренинг туралы хабарды көптеп таратуыңызды сұраймын. Сосын нақты кімдер [...]

Блогшылар семинарын ұйымдастырайық!

Астана мен Қарағанды блогшыларына!
Қаңтар айының орта тұсында (18-19 күндерінің бірінде) Астана қаласында одан соң, Қарағанды қаласында «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыруды ойластырудамын. Осы семинарды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Ең әуелі осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардан, төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.
Нақты айтқанда:

Астанада және Қарағандыда осы тақырыпта семинар [...]

Бішкек семинарынан: Блогты құрал ретінде пайдалану

Джеймс Пиккет АҚШ тағы көптеген ұйымдар (үкіметтік, үкіметтік емес) блогты өз мақсаттарына жету жолында құрал ретінде пайдаланытын жасырмады. Бірақ бұның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де бар.

Үкіметтік емес ұйымдар
Зерттеу орталықтары
Саяси топтар