Эльвира super!!!

Эльвира, қандай мақтау сөз айтсам да аз болады ғой саған. Шаршамай еңбектеніп, мақсатына жетуді сенен үйрену керек қой!!!
Білмейтіндерге: Эльвира 2007 жылдың 5 қарашасында осы блогта сұрақтар қойған болатын, оған сол сәтте де, кейін де мардымды жауап бере алмадық
Бүгін Эльвираның блогына кірсем сол сұрақтарға жауапты тауып, блогын өзгертіп қойыпты. Сондай риза болдым [...]

Cұраққа жауап

Ақзеренің сұрағы:
Халайық, менің блогымда “соңғы пікірлер” категориясы жоқ. Соны қалай шығарсам болады?
Уордпресте пікірді (оң жақ немесе сол жақ бағанада) көрсету үшін келесі әрекеттерді істеңіз:

Құрал-саймандар тақтасына барыңыз.
Дизайн (Design) бөліміне кіріңіз.
Екінші жолда тұрған «Уиджеттер» дегенге кіріңіз.
Ашылған беттегі [...]

Blogspot-та блог дизайынын қалай өзгертуге болады?

Blogger.com немесе блогспот-та дизайынын қалай өзгертемін деп Эльвира сұраған еді. Мен блогспотты қолданбағандықтан жауап бере алмадым. Бірақ блогспоттың бір жақсылығы HTML білсең дизайынын өз қалауыңша өзгерте алады екенсің. Сонымен бірге дайын темплейттерді (template) орналастырyға да болады. Уордпрессте де дизайынын өзгертуге болады, бірақ тек қана берілген ұсыныстардан таңдау қажет.
Егер Блогспотта блог дизайынын өзгертемін десеңіз, тегін “freetemplate” [...]

Пікірдің ішінде сілтеме жасау, қалыңырақ қылып жазу

Сәкеннің үшінші сұрағы: “Орнатқан комментердің ішінде сілтеме жасау үшін, басқа түспен, немесе қалыңырақ қылып жазу үшін не істеу керек???”
Блогспотта пікір қалдыратын жерде мынадай кеңес берілген: “Можно использовать некоторые HTML-теги, например <b>, <i>, <a>“. Бұл жерде, мысалы, <b>Менің ойымша</b> - бұл сөз қою қара болып жазылады;  <i>кітаптар</i>- бұл сөз бір жағына “қисайып” тұрады; 
<a href=”http://aspazdik.blogspot.com/”> http://aspazdik.blogspot.com/</a> деп [...]

Пікірдің жанында сурет орналастыру

Сәкеннің екінші сұрағын дұрыс түсінсем, ол пікір жазған кезде, пікірдің жанында суретінің тұрғанын қалайды.  Ол үшін блогыңызға кіріп «Настройки» дегенді басасыз, соның ішінен «Комментарии» дегенді таңдап аласыз. Көп сұрақтың ішінде «Показывать в комментариях изображения из профиля?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріп, бетті сақтаңыз. (Төмендегі суретті қараңыз)
   
Әрине бұған дейін сіз «Профильде» өз суретіңізді жүктеп қоюыңыз [...]

Template дегеніміз не?

Эльвира бізге ренжімес, оның сұрақтарына әлі толық жауап беруге уақыт таба алмай жытырмыз
Төменде Сәкеннің қойған сұрақтары:Сәлем барлықтарыңызға!!!
Менде де сұрақ жетерлік (үйіліп жатыр)
1. Темплейт - дегеннің не екенің түсінбей отырмын.
2. Мен blogspot. -та комменттеріме сурет қосып орнатуды әлі білмеймін
3. Орнатқан комментердің ішінде сілтеме жасау үшін, басқа түспен, немесе қалыңырақ қылып жазу үшін [...]