Жазылған уақыты Мамыр 8, 2008 жазған Bakytgul Salykhova
Эльвира, қандай мақтау сөз айтсам да аз болады ғой саған. Шаршамай еңбектеніп, мақсатына жетуді сенен үйрену керек қой!!!
Білмейтіндерге: Эльвира 2007 жылдың 5 қарашасында осы блогта сұрақтар қойған болатын, оған сол сәтте де, кейін де мардымды жауап бере алмадық
Бүгін Эльвираның блогына кірсем сол сұрақтарға жауапты тауып, блогын өзгертіп қойыпты. Сондай риза болдым [...]
Жазылған : сұрақтарға жауап, хабарландыру | Ілмектері: blogspot, аспаздық, kazakh, қазақ блогшалары, қазақша блогтар, qazaqblogshilar | 3 Пікірлер »
Жазылған уақыты Сәуір 29, 2008 жазған Bakytgul Salykhova
Бір қарағанда бәрі оңай болып көрінеді ғой, кей кездері “келдім, көрдім, мақсатыма жеттім” дегің келеді. Бірақ … , осы бірақ кедергі болады да тұрады
Дегенмен, сіздерге бір хабар айтқым келіп отыр: “Қазақ тілінде бірінші блог платформа аштық ашуға талпыныс жасадық” десек қалай қарайсыздар? Мына жерге кіріп көріңіздер. Мақтаншақтық, асыра сілтеу негізі бойыма тән нәрсе [...]
Жазылған : хабарландыру | Ілмектері: Almaty, блог платформа, kazakh, Kazakhstan, қазақ, қазақ тілі, қазақша блог, qazaqblogshilar, wordpres | 3 Пікірлер »
Жазылған уақыты Ақпан 10, 2008 жазған urimtal
“Қазақ тіліндегі блогты дамытуға қатысты үздік идея” ұсынған оқырманға сыйламақшымыз. Байқау нәтижесін ертең шығарамыз! Толығырақ “Жаңаеуразияда”!
Жазылған : хабарландыру | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Қаңтар 27, 2008 жазған urimtal
Кімде қандай ұсыныс бар? Мүмкін болса, осы аптада Астана қаласындағы блогшылармен, блог бастауға ниеттеніп жүрген жандармен кездессем деймін.
Жазылған : кездесу, хабарландыру | 2 Пікірлер »
Жазылған уақыты Қаңтар 21, 2008 жазған urimtal
Интернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.
25-қаңтар, Жұма күні, Қарағанды қаласы, Кривогуза к-сі, 5 (5-қабат) «БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы» ұйымының кеңсесінде Блогқа, Интернетке байланысты «Қазақ тілінде блог жүргізудің [...]
Жазылған : кездесу, хабарландыру | 2 Пікірлер »
Жазылған уақыты Желтоқсан 25, 2007 жазған urimtal
Астана мен Қарағанды блогшыларына!
Қаңтар айының орта тұсында (18-19 күндерінің бірінде) Астана қаласында одан соң, Қарағанды қаласында «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыруды ойластырудамын. Осы семинарды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Ең әуелі осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардан, төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.
Нақты айтқанда:
Астанада және Қарағандыда осы тақырыпта семинар [...]
Жазылған : конференция, семинар, хабарландыру | 5 Пікірлер »
Жазылған уақыты Қараша 24, 2007 жазған Bakytgul Salykhova
“Мәссағанның” Award-2007 интернет байқауында мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт номинациясы бойынша жүлделі екінші орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз.
PS: Дипломның орыс тілінде жазылғаны және .com -ның орнына .kz деп берілгені үшін ұйымдастырушылардың атынан кешірім сұраймын.
Жазылған : хабарландыру | 3 Пікірлер »
Жазылған уақыты Қараша 14, 2007 жазған urimtal
Киевтегі BlogCamp 2007 блогшылар жиынынан соң, ригалықтар өз қалаларында келесі кездесуді ұйымдастыруды қолға алды. BarCamp Baltics 2008 жылдың 25-27 қаңтарында (Ескерту: Ұйымдастырушылар 8-10 ақпанға жылжытты. Суретті қараңыз) Ригада өтеді деп күтілуде.
Қосымша мәліметтердің барлығын арнайы парақшадан қарай аласыз. Бұл жиынға қазақ блогшылары да қатысар деген ойдамын. Тіркеу 15 қараша күні басталады. Бұйртса, Ригадағы жиын туралы қосымша ақпараттар жазып отыратын боламыз. [...]
Жазылған : конференция, хабарландыру | 7 Пікірлер »
Жазылған уақыты Қараша 8, 2007 жазған bakytnur
Құрметті, қазақ блогшылары!
“Мәссаған” сайтында жарияланғанындай сайт басқармасы мен “Қазақ Блогшылары (QB)” бірігіп “Үздік Қазақ Блогы - 2007″ байқауын өткізеді. Жеңімпаздар әділқазылардың жасырын дауыс беруімен анықталады.
Блогтар мазмұны, дизайыны, форматы, қонақтар саны, мақалалар саны, блогшының сөз саптауы, тәрбиелік мәні, ұстаған бағытына қарай бағаланады.
“Үздік Қазақ Блогы - 2007″ Мәссаған.ком сайтына тіркеулі блогтар арасынан ғана таңдалатынын ескеріңіз. Байқауға қатысу [...]
Жазылған : хабарландыру | Пікірлер жоқ »