Аударма

Соңғы рет уордпрестегі аударма туралы жазғанда аударғанымыз 2432-ге түсіп қалып еді.
Енді міне бүгін сол аударма 3000 деген көрсеткішті көрсетіп тұр. Барлығы 4247 бірлік аударылуы тиіс. Яғни, әлі тағы 1247-сі бар деген сөз.
Менде мынадай ұсыныс бар (екінші рет қайталанбайды, өйткені осы жолы жүзеге аспаса ешқашанда жүзеге аспайды деген сөз ғой):
Осы аптаның соңында офисыма ағылшын тілін білетін [...]

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (3)

Жалғасы. Басы 5, 6 мамырдағы жазбаларда.
Ұмытып кетіппін ғой,
блогшылардың 52-і ер жігіт болса, 19-ы айдай сұлу арулар
Ескерту: сандарды бір-біріне қосқанда блогтардың жалпы саны шықпайды, өйткені арамызда 2-3 блог жүргізетіндер бар.

Тағы бір блог

Сәуірдің соңында ашылған блог:
http://ruslannnn.wordpress.com/

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (1)

Өзім блог басталғалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.
Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім [...]

:(

Кеше ғана уордпресті аудару барысы 2800-ге жетті деп мәз болып отыр едім, бүгін аудару жүйесіне кіріп, көңілім су сепкендей басылды.

kk — Қазақ тілі
2432 of 4235 strings

дегенді көрсетіп тұр.  Бұған дейін барлық тіркестер 3434 еді, қазір 4235-ке жетіпті. Сөздердің санының азайғанына қарағанда, жаңалары қосылып ескілерін алып тастаған ба…

Бұл түрмен уордпресті аударудың соңына жетпейтін болдым ғой [...]

Уордпрестегі өзгерістер

Уордпрестің құрал-саймандар тақтасын (dashboard) өзгерткенін көрген боларсыздар. Ол туралы мына жерде пікір қалдырылыпты.
Бұрынғыға үйреніп қалыппын, бұл нұсқасының “+” немесе “-” жақтарын уақыт көрсетер.

Аударма

http://translate.wordpress.com/ -ды аудару барысы: 2800-ге жетті.

Аударма: bozo

Уордпресті аудару барысында түрлі сөздерге кезігесің. Соның бірі «bozo»
Мысалы, мынадай сөйлем бар екен:
This user is a bozo
Counting bozo posts…
These users have been marked as bozos
Bozo - сленг сөз - тип, личность, субъект (орысша)
Синонимы: fellow
Қазақша сонда қалай болады?

Кім біледі?

Алдыңғы күні Бақытнұр   уордпреске біраз сөздер қосып 2534-ке жеткізіп қойып еді. Кеше қарасам қайтадан 2510-да тұр. Не болғанын түсінбей қалдым.