Блогшылардың екінші кездесуі

Құрметті ханымдар хәм мырзалар!

Қыркүйек айының 29-ында сағат 11.00-де “Bilim – Central Asia” Білім орталығында ( М.Төлебаев 31 Мақатаев көшеcінің қиылысы) қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі өтеді.

Кездесу тренинг форматында өткізілмек.

Кездесу бағдарламасы:

11.00-11.05 Танысу

11.05-11.30 Блог туралы түсінік (Асхат Еркімбай – модератор)

11.30.-11.40 Сұрақ-жауап

11.40.-11.45 үзіліс

11.50.-12.15 Үнхабар (podcast) дегеніміз не? Оны қалай дайындайды? (Қуаныш Мағзуов)

12.15-12.25 Сұрақ-жауап

12.25.-12.30 Үзіліс

12.30-12.55. Қорытынды. Пікір ұсыныстар.

Достар, семинар тегін өтеді. Қатысқыңыз келсе, “Семинар сізге қалай көмектеседі деп ойлайсыз?” деген жалғыз сауалға жауаппен бірге аты-жөніңіз және координаттарыңыз көрсетілген хатты Асхатқа (urimtal@gmail.com ), Бақытгүлге (baqytgul@gmail.com ) және Қуанышқа (huanysh@gmail.com ) жолдасаңыздар болады.

Жақсы блоггер болушыларға арналған 10 кеңес

БақытнұрЖақсы блогшы болуға арналған он кеңес атты мақала орнатқан болатын. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Жақсы блоггер болушыларға арналған он кеңес»

Блог дегеніміз (2)

Блог туралы әңгімемізді жалғастырайық.

«Ең маңыздысы мазмұн жасау ма жоқ әлде адамдардың жиналып, танысып, достасып (өмір бойы бір-бірлерін көрмеуі мүмкін), пікір алысатын орта қалыптастыру ма?» деген сұраққа Украинада блог негізінде бірінші интернет-басылымды ұйымдастырған азаматтар «Әрине, пікір алысатын орта қалыптастыру » деп жауап береді.

«Ең бастысы адамдардың не жазғаны емес, бір-бірімен қалай сұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, қандай кәсіби иә басқа да байланыстар тапқаны
Бұл хабарымда мен блог жасау деңгейіне жеткен «кәсіби» (деп атауға болатын болар) қолданушылар туралы сөз қозғағандықтан, блоггерлердің жауапкершілігі туралы да айтайын.

Continue reading

Блог дегеніміз не?

Блог дегеніміз не?
Жаңалық ашайын деп отырғаным жоқ, бірақ көпшіліктің бұл туралы хабары жоқ екені рас. Көбінесе блог дегеніміз – он-лайн күнделік деп түсіндіреді. Блог туралы әлемторда жазылғандарды жинақтап былай деуге болады:

1. Блог – бұл сайт.
2. Блогтағы хабарлар хронологиялықтәртіпте орналасады.
3. Блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады.
4. Блогта басқа сайттарға (авторға қызықты) сілтемелер болады.
5. Блогта негізінен RSS-feed болады.
6. Блог жиі жаңарып тұрады күнде немесе аптасына бірнеше рет.
7. Блогта хабарларға пікір қалдыруға болады.
8. Блогта “блогролл”, яғни басқа блогтарға сілтеме болады.
9. Блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады.
10. Блогты негізінен әуесқойлар жүргізеді (кәсіби журналистер немесе жазушылар емес). Бірақ кейде олар да кездеседі.
Блогтар қашан пайда болды?
Бұл жөнінде қызу пікірталастар көп, нақты уақытын ешкім дәл айта алмайды.

Блогтар неден тұрады?
Ол жерде түрлі мәтіндер, фотосуреттер, aудио, видео болуы мүмкін.

Блогта не туралы жазады?
Адамды қызықтырған барлық тақырыпта жазуғаболады.

Блогты қалай жасауға болады? Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpressтің көмегімен жасайды.

Толығырақ  Жаңаеуразия блогында «Тағы да блог туралы» мақаласында оқуларыңызға болады.

Үнхабар

Қазақ тілінде бірінші үнхабарды Асхат Жаңаеуразия блогында ұсынды.

Тағы бір үнхабарды Қуаныштың блогында тыңдай аласыздар.

Осылай-осылай үнхабарлардың саны да өсіп, сапасы да жақсара түседі деп сенемін.

WordPress-тің анықтамасы

  • УордПресс – қайнар коды ашық (оупен-сорс), блог жабдықтаушыларға арналған тегін програма.
  • УордПрессті PHP тілінде жабдықталып, МySQL датабейcін қолданған веб жасақтау системасы деп түсінуге болады. УордПресс жиі жаңартылып отыратын веб сайттарды (әсіресе блогтарды) жасақтауға өте тиімді. GNU (General Public License) Жалпыға арналған лицензия арқылы УордПрессті тегін қолдануға болады.
  • Блог жасауға кіріспе

    Төменде берілген pdf құжатта blogspot-та қалай блог жасауға болатыны түсіндіріледі.

    Сұрақтарыңызды комментарийге жазыңыздар.

    Blogspot-та блог жасау