Блог дегеніміз (2)

Блог туралы әңгімемізді жалғастырайық.

«Ең маңыздысы мазмұн жасау ма жоқ әлде адамдардың жиналып, танысып, достасып (өмір бойы бір-бірлерін көрмеуі мүмкін), пікір алысатын орта қалыптастыру ма?» деген сұраққа Украинада блог негізінде бірінші интернет-басылымды ұйымдастырған азаматтар «Әрине, пікір алысатын орта қалыптастыру » деп жауап береді.

«Ең бастысы адамдардың не жазғаны емес, бір-бірімен қалай сұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, қандай кәсіби иә басқа да байланыстар тапқаны
Бұл хабарымда мен блог жасау деңгейіне жеткен «кәсіби» (деп атауға болатын болар) қолданушылар туралы сөз қозғағандықтан, блоггерлердің жауапкершілігі туралы да айтайын.


Яғни, блогта кім не жазам десе де ерікті, бірақ шектеу қоятын талаптар да болады. Мына жерді қарасаңыз ВВС-дің ағылшын тілін үйренушілерге арналған бологының талаптарын көресіз.
Блогта адамдарды жәбірлейтін, қорлайтын, ар-намысына тиетін нәрселердің болмауы шарт. Қолданушыларды бұған да үйрету керек. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында ешқашан басылмайтын, талданбайтын тақырыптар Интернет басылымдарда, блогтарда өте көп.
Сонымен қатар кейде блогта өтірік нәрсені жазатындар, жалған ақпарат беретіндер де болады, мысалы, бірнеше жыл бұрын оңтүстік-кореялық блог негізінде жұмыс істейтін интернет басылым «Билл Гейтс қайтыс болды» деген ақпарат таратады. Олар бұл хабарды CNN атын жамылған жалған бір сайттан алады (оның жалған сайт екенін білмей қалады ). Сөйтіп осы хабардың нәтижесінде оңтүстік-кореялық рынок 2 % құлдырады деген сөз бар.

Психологияда мынадай алғышарт бар: адамдар бір-бірін көбірек білген сайын, жақсырақ біле / тани бастайды, жақсырақ білген сайын бір-бірімен азырақ жауласады, араз болады. Яғни адамдар интернетте болсын, өмірде болсын (дүниенің қай түкпірінде тұрса да) көбірек сөйлесіп, араласса бір-бірін жаудан гөрі дос ретінде қабылдайтыны сөзсіз.

Толығырақ  Тағы да блог туралы (2)» мақаласында оқуға болады.

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: