Блогспотқа жаңа бір мүмкіндік қосылды

Блогспоттағы блогтарға пікір жазған кезде “Follow-up comments will be sent to атыңыз@домэн.адресіңіз” деген таңдау қосылыпты. Оны таңдап қойған кезде сіздің пікіріңізден кейінгі жазылған пікірлер э-поштаңызға келіп тұрады.

Э-поштаңызға келген хатта :
Post a comment
Unsubscribe …
деген екі таңдау бар екен.

Егер сіз блогспоттағы бір блогқа пікіріңізді жазып, оған жауап алғыңыз келсе жоғарыдағы мүмкіндікті таңдап қойсаңыз, сізден кейін кім пікір жазып кетті дегенді автоматты түрде тексеріп отырасыз.

АҚШ: блогшыларды қорғайтын заң жобасы

Free Flow of Information Act Заң жобасы Америкада қолдау табуда, бірақ бұл президент Джордж Буш әкімшілігі құжатқа қол қояды деген сөз емес дейді Ars Technica.

Free Flow of Information Act of 2007-ні осы жылдың мамыр айында Рик Бучер ұсынды. Бұл заң жобасы 32 штатта қабылданған репортерлерді қорғау заңының федеральдық нұсқасы болып табылады. Заң жобасына енгізілген толықтыруларда блогшыларды қорғау туралы баптар бар. Яғни, жобада интернет күнделік жүргізетін блогшыларды журналистерге теңеп, ақпарат көздерін ашу міндетінен босатады.

Ағылшынша мына жерден оқыңыздар:

House passes federal journalist shield, includes bloggers

Орысша: Конгресс США одобрил закон о защите блоггеров

Тағы да BlogCamp-2007

ТМД мен Балтия елдері қатысқан BlogCamp-2007 бейконференциясының толықтырылған сайтын мына жерден    көре аласыздар.

BlogCamp 2007: материалдар

Киевте өтіп жатқан блогқа байланысты конференцияның материалдарын мына жерлерден көруге болады: презентациялар   ,  фотолар .

Қуаныш та блогында суреттер орнатқан.

Дүние жүзінде ….

Лас Вегаста 8-9 қарашада “BlogWorld & New Media Expo” атты конференция болады.

Толығырақ мына жерден оқыңыздар .

Бішкектегі семинарға тағы кім қатысады?

Жаңа ғана Бішкектегі семинарды ұйымдастырушылардан хат келді. Бұйртса, Бішкектегі блогшылар кездесуіне қатысатын болдым. Тек олар жолақы мен жататын орынның ақшасын ғана төлейміз депті. Бішкекте тамақ Алматыға қарағанда арзан болар деген үміттемін. Қазақ блогшыларынан бұл семинарға тағы кім өтті екен? Хабарласыңдар!!!

BlogCamp-2007: Қазақстаннан кім барады?

Бұған дейін бұл конференция туралы жазған болатынмын: жаңа еуразияда  және kazakh-bloggers@googlegroups.com мүшелеріне хат жібергенмін.

Қазір Қазақстаннан Қуаныштың баратыны белгілі, сонымен бірге Елена Жетпісбаева мен Әділ Нұрмақов барады. Тағы да екі-үш тіркелген блогшылар бар, бірақ олардың дәл бару-бармауын білмейді екенмін.

Толығырақ бұл бейконференция немесе кері конференция туралы мына жерден оқыңыздар

Қазақ тілінде блог жазатындардан тек Қуаныш баратындықтан оған сәттілік тілеймін, әрине басқа елдердің блогшыларына да.

Сонымен бірге жаңа таныстар тауып, білімін кеңейтіп, болашақта бірігіп жұмыс істейтін адамдармен кезігіп, жоспарлар құрып қайтар деген ойдамын.