Блог жайлы сұхбат!

QB «Азаттық» радиосына сұхбат берген болатын, сол эфирге 20-қарашада берілді. Әңгіме негізінен «Қазақстанда интернетті қазақ тілінде дамытуға не кедергі? Қазақ тіліндегі блогтардың жай-күйі» тақырыбында өрбіді.

Тыңдау үшін осында басыңыз

QB «Астана» телеарнасына сұхбат берді

Блог тақырыбы қазақ қоғамында күннен күнге үлкен қызығушылық тудыруда. Өткен аптада QB бір топ қазақ журналистерінің басын қосып, «Қазақ тілінде блог жүргіздуің қыр-сыры» деген тақырыпта семинар өткізген еді. «Астана» телеарнасының журналистері осы семинар жайлы хабарды Дүйсенбі күні кешкі жаңалықтардан көрсететін болды. Алдағы уақытта осы тектес семинарларды Астана, Қарағанды қалаларында да өткізу ойластырылуда.

img_1262-custom-2.jpg

Сұхбат беру оңай шаруа емес. Бірақ біздің Қуаныш журналистерге сұхбат беріп, әбден төселіп алған 🙂

Мәссағанды құттықтаймыз

Мәссағанның” Award-2007 интернет байқауында мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт номинациясы бойынша жүлделі екінші орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз.

massagan.jpg     2place2007a.jpg       2place2007.jpg 

PS: Дипломның орыс тілінде жазылғаны және .com -ның орнына .kz деп берілгені үшін ұйымдастырушылардың атынан кешірім сұраймын.

Рига-2008 блогшылар жиынына қатыс!

Киевтегі BlogCamp 2007 блогшылар жиынынан соң, ригалықтар өз қалаларында келесі кездесуді ұйымдастыруды қолға алды. BarCamp Baltics 2008 жылдың 25-27 қаңтарында (Ескерту: Ұйымдастырушылар 8-10 ақпанға жылжытты. Суретті қараңыз) Ригада өтеді деп күтілуде.

Қосымша мәліметтердің барлығын арнайы парақшадан қарай аласыз. Бұл жиынға қазақ блогшылары да қатысар деген ойдамын. Тіркеу 15 қараша күні басталады. Бұйртса, Ригадағы жиын туралы қосымша ақпараттар жазып отыратын боламыз. Қапы қалма, қазақ блогшысы!

Пікірдің ішінде сілтеме жасау, қалыңырақ қылып жазу

Сәкеннің үшінші сұрағы: «Орнатқан комментердің ішінде сілтеме жасау үшін, басқа түспен, немесе қалыңырақ қылып жазу үшін не істеу керек???»

Блогспотта пікір қалдыратын жерде мынадай кеңес берілген: «Можно использовать некоторые HTML-теги, например <b>, <i>, <a>«. Бұл жерде, мысалы, <b>Менің ойымша</b> – бұл сөз қою қара болып жазылады;  <i>кітаптар</i>- бұл сөз бір жағына «қисайып» тұрады; 

<a href=»http://aspazdik.blogspot.com/»&gt; http://aspazdik.blogspot.com/</a&gt; деп жазсаңыз сілтеме береді http://aspazdik.blogspot.com/

Пікірдің жанында сурет орналастыру

Сәкеннің екінші сұрағын дұрыс түсінсем, ол пікір жазған кезде, пікірдің жанында суретінің тұрғанын қалайды.  Ол үшін блогыңызға кіріп «Настройки» дегенді басасыз, соның ішінен «Комментарии» дегенді таңдап аласыз. Көп сұрақтың ішінде «Показывать в комментариях изображения из профиля?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріп, бетті сақтаңыз. (Төмендегі суретті қараңыз)

  foto-in-comment.jpg 

Әрине бұған дейін сіз «Профильде» өз суретіңізді жүктеп қоюыңыз және басқа адамдарға профиліңізді көруге рұқсат беруіңіз керек. 

PS: Бұл тек қана блогспотта блогтары барларға арналған кеңес.

Template дегеніміз не?

Эльвира бізге ренжімес, оның сұрақтарына әлі толық жауап беруге уақыт таба алмай жытырмыз 😦

Төменде Сәкеннің қойған сұрақтары:Сәлем барлықтарыңызға!!!
Менде де сұрақ жетерлік (үйіліп жатыр)

1. Темплейт – дегеннің не екенің түсінбей отырмын.
2. Мен blogspot. -та комменттеріме сурет қосып орнатуды әлі білмеймін

3. Орнатқан комментердің ішінде сілтеме жасау үшін, басқа түспен, немесе қалыңырақ қылып жазу үшін не істеу керек???
Әзірге осы сұрақтарыма жауап күтемін

Мен біріншісіне жауап беруге тырысайын.

  1. Template дегеніміз сіздің блогыңыздың сырт көрінісі. Сурет арқылы түсіндірейін. Блогыңызды басқарып отырғанда Template (орысша: Шаблон) бөлімін басасыз, сонда мынадай терезе ашылады:

template.jpg 

Бұл жерде сіз блогыңызға қандай элемент қосқыңыз келсе соны таңдап аласыз. Бірінші Add a Page element (Добавить элемент страницы) дегенді басасыз. Мынадай терезе ашылады. Өзіңізге қажеттісін таңдап алып, қажет информациямен толтырасыз.

add-a-page-element.jpg  

Яғни, осы арқылы сіздің блогыңызда өз профиліңіз, ұнайтын сайттар, мұрағат, т.б. бөлімдер пайда болады. Қаласаңыз басқа бөлімдерді қосусуыңызға болады.

PS: Суреттерді үлкейтіп көру үшін үстінен басыңыз.