Блогшыға арналған этикалық кеңестер

Төмендегі кеңестер қазақ блогшыларына да алдағы жылдары пайдалы болып қалар деген оймен жариялап отырмыз. Украинадағы Блогкэмптте бұны Блогшы Кодексі деп ұсынған болатын, біз Сіздерге бұны кеңес ретінде ұсынып отырмыз.

1.Блогта жарияланған кез келген мәлімет жалпыға бірдей жария болатындықтан, жазған өз сөздеріне жауап беру. Сондықтан да жеке басқа қатысты немесе іскерлік ақпаратты ашуға себеп болатын сілтемелерді баспаға шығармаған жөн.
2.Үшінші тұлғаға өз тыңдармандарың мен оқырмандарыңа қатысты мәліметтерді, яғни олардың логиндерін, IP-адрестерін, электронды пошта адрестерін, никниеймдерін жарияламау. Дереккөздерге зиян келетін болса, керісінше қорғауға атсалысқан жөн.
3.Сабырлы болып, сұхбаттасушыға онымен жеке жүздескенде айтылмайтын әңгімені айтпау.
4.Өз блогыңдағы пікірлерің үшін жауап беріп, ушығып бара жатқан дау-дамайдың түйінін шешу, ауыр сөздер мен бүлікке апаратын қауіптерді жою, барлық спамдарды тазарту.
5.Жарияланатын ақпаратты тексеру. Ақпарат көздерінің сенімді-сенімсіздігін, жеке пікір мен дәйектердің ара жігін ажыратып көрсету. Қателерді, енгізілген түзетулерді дер кезінде, көпшілікке түсінікті түрде өңдеу. Яғни жөндеп қойғаныңды хабарлау.6.Мақалаларға пікір бере отырып, қайнар көздеріне сілтеме жасау. Материалды толығымен көшірмей, тек қана сілтемесін көрсету. Бейне мен аудиохабарлардың т.б. қайдан алынғанын көрсету. Авторлық құқықты құрметтеу және мәліметтерді таралу лизенциясына сәйкес қолдану.
7.Мақалада аты аталған кісі аттары мен автор арасында қандай да бір мүдде жақындығы бар болса, оны ашып көрсету. Мақалада аты аталған жандарға қатысты қандай да бір материалдық немесе басқадай мүддесі болып, оны мақтаса немесе ескерту білдірген болса, бұл жайтты анық түсіндіріп өту.
8.Блогшы атын малданып, қызмет көрсетуде жеңілдіктерден дәмеленбеу. Кез келген тұлғалардың материалдардың мазмұнына әсер етуіне жол бермеу. Егер ерекше қатынастар немесе тауарлар мен қызметтер қабылданса, міндетті түрде мақала мен хабарларда атап өту.
9.Жеке мақалаларды жарнамалық мазмұндағы мақалалардан бөліп жариялау. Сайттағы жарнамалық сілтемелер мен баннерлерді сайт интерфейсінің элементтеріне және блог материалдарына жасырмау. Өз материалдары ретінде берілген тақырып немесе мазмұнға байланысты материалдарды баспаға шығарғаны үшін ақша алмау. Әріптестер тарапынан белгілі бір бірлескен жоба қаржыланып, бұл тақырыптағы мақалалар блогта жарияланса, жазбаның коммерциялық жобада жүзеге асырылып жатқанын ашық айту.
10.Блогшылар арасында сыпайылық пен түсіністік, ымыры-жарастықтың болуына ат салысып, бейәдеп қылық танытқан блогтарға өзгелер қайталамайтындан етіп ескерту білдіру.

Internet UA № 09.07ж. басып шығарылған.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: