Бішкек семинарынан: Блогты құрал ретінде пайдалану

Джеймс Пиккет АҚШ тағы көптеген ұйымдар (үкіметтік, үкіметтік емес) блогты өз мақсаттарына жету жолында құрал ретінде пайдаланытын жасырмады. Бірақ бұның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де бар.

  • Үкіметтік емес ұйымдар
  • Зерттеу орталықтары
  • Саяси топтар

Аталған үш топ блогты жүйелі түрде жүргізуші ұйымдар.

Кемшіліктері:

  1. Блогты ұдайы жаңартып отыратын адам қажет
  2. Тек тар аяда ғана шектеліп қалады
  3. Үкіметтік ұйымдардың блогтары әдетте бірден сынға ұшырайды
  4. Ұйымның ішкі құпиялары сыртқа шығып кетуі мүмкін

Артықшылықтары:

  1. Блог арқылы өз жұмыстарын жарнамалау, ашық саясат ұстанғанын көрсету
  2. Ұдайы назарда ұстау, аудиториямен оңай байланысқа шығу
  3.  Пікірлерімен бөлісіп отыру
  4. Өзге ұйымдармен  блог арқылы тәжірибе алмасу

Американың саяси блогтары өздерінің мақсат мүдделеріне сай жұмыс істеп, өз идеяларын насихаттауға баса назар аударады. Мәселен, obama’08 блогы. Республиканшылар мен Демократшылардың да өз блогтары бар. Қазақстанда әзірге әлдебір үкіметтік немесе үкіметтік емес ұйым блог ашыпты дегенді естімеппін.

менің ұйымыма блог бастау қажет пе? Бұл төмендегі жайттарға байланысты:

  • сіздің ұйымыңызда блогты жүргізіп отыратын белсенді адам бар ма?
  • авторлар табылады ма?
  • уақыт пен оған кететін мұқтаждықтарыңыз түгел ме?

Көптеген ұйымдар блогты жүргізуге көп уақыт кететініне аса мән бермейді. Көпшілігі блогты ашып, мақала орнатып отырса, болғаны деген ойда. Бұл жерде жеке адам блогы мен ұйымның арасындағы блогтың ара жігін түсініп алған жөн. Себебі блог түптеп келгенде ұйымыңызды беделіне нұқсан да келтіруі мүмкін…

Ұсыныстар

Блогты бастап оны бірден көпшілікке жариялаудың қажеті жоқ. Алғашқы кезде ұйым ішіндегі адамдар ғана біліп, екі үш ай сынақтан өткен соң қосқан жөн. Егер блог жүргізуде ұйым белгілі бір мақсат ұстанса, ол мақсаттарды блогты оқырмандар түсінетіндей етіп ашып көрсету керек.

Орта Азия

артықшылығы: блог тың дүние болғандықтан оны насихаттап жүргізіп, көптеген оқырмандар жинау мүмкіндігі мол.

кемшілігі: ағылшын тілі көптеген авторларда жетекші тіл болмағандықтан ұйымдармен тікелей жұмыс істеуге мүдделі ағылшын тілді ұйымдар оқи алмайды.

Есіңізде болсын: Ұйымдағы блог нашар болса, оның болғаннан болмағаны жақсы.

Advertisements

2 жауап

  1. seminar kansha kun boladi?

  2. Төрт күн болады. Бішкектен келген соң, Алматыда қазақ блогшыларының басын қосып, алған тәжірибелеремізбен бөліспек ойымыз бар. Инша Аллаһ!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: