Байқауға қатыс, қазақ блогшысы!

Қарағанды қаласындағы Центр правовой помощи СМИ (БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы), «Гражданская журналистика» (Азаматтық журналистика) және Голландиялық «Hivos» дамушы елдермен әріптестікті дамыту агенттігі  «Қазақстандағы азаматтық журналистиканы дамыту және сөз бостандығын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері» атты жоба аясында саясат, экономика, мәдениет және әлеуметтік мәселелерде азаматтық көзқарастарын белсенді білдіріп жүргендерді марапаттау мақсатында «Интернет қолданушылар арасындағы ең үздік Қазақстан блогы» атты байқау жариялайды.
Байқауға қатысу үшін өтінішті «Азаматтық журналистика» блогының үйлестірушілеріне 2007 жылдың 6 қарашасына дейін  «Публицистика без границ» деген тақырыппен ira@medialaw.kz, көшірмесін admin@medialaw.kz э-пошталарына жөнелткен жөн.
Өтініш
Байқауға қатысу жөніндегі өтініште төмендегі мәліметтерді көрсетуіңізді сұраймыз:

1. Аты-жөніңіз.
2. Ник.
3. Блогыңыздың аты.
4. Блогтың url адресі
5. Блогтың тілі (қазақ, орыс, ағылшын).
6. Блогтың түрі: (біреуін таңдаңыз: жеке, топтық, блог тәрізді жұмыс істеп жатқан сайт).
7. Аудио, видио немесе фотоматериалдарды пайдаланасыз ба? Пайдаланатын болсаңыз, дәл қай түрін екенін көрсетсеңіз.
8. Блогыңызға 100 сөздің айналасында қысқаша сипаттама беріңіз.
9. Байқаудың номинациясы (Біреуін таңдаңыз: «Ең үздік жеке блог», «Ең үздік топтық блог», «Қазақ тіліндегі ең үздік блог», «Ең танымал блог (оқырмандар көптігін жөнінен)»).
10. Блогтың Screen-shot-ы (400 КБ-қа дейін).
11. Э-поштаңыз.
12. Байланыс телефондары мен мекен-жайыңыз.
Байқауды өткізу ережесі:
Блог 2007 жылдың 6 қарашасына дейін тіркелуі қажет. Қатысушылар блогтың url-адресін немесе блог адресін және блогтары жөнінде қысқаша сипаттаманы тілек білдірген номинациясына сәйкес жолдауы қажет. Блог кез келген доменді атауда жүргізілуі мүмкін.
2007 жылдың 6 қарашасынан бастап, төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
2007 жылдың 7 -14 қараша аралығында Халықаралық әділқазылар алқасы үміткерлер тізімін жинақтау үшін барлық ұсыныстарды қарастырады.
15 қараша күні http://cj.kz/ тің байқауға арналған арнайы бетінде – қатысушылар блогтарының суреттері мен қысқаша сипаттамалары жарияланады.
20 қарашаға дейін Интернет пайдаланушылардың барлығы дауыс беру жүйесі арқылы өздері ұнатқан блогқа дауыс бере алады. Олар көрермендер көзайымына айналатын блогты анықтайды. Ал байқаудың тікелей жеңімпаздарын әділқазылар анықтайды. 21 қараша күні байқау аяқталып, 22 қараша күні сайт бетінде жеңімпаздардың аты аталады.
Ескерту:
Әріптестеріміз жобаны жалғастурыруға қарсылық танытқандықтан Центр правовой помощи (Құқықтық жәрдем беру орталығы) 2006 жылдың 16 қарашасында жарияланған байқауды тоқтатуға мәжбүр болған едік. Сол себепті  «Публицистика без цезуры» атты Сорос қорымен бірлесе өткізілуі тиіс байқауға өтініш білдірген блогтардың барлығы да биылғы байқауға қайта қатыстырылады.

Advertisements

3 жауап

  1. Allah razy bolsyn, audaryp koiganynyzga.

    Eng uzdik blog, eng uzdik qazaqsha blog degende qazaqsha blog eng uzdik bola almaidy, sondyktan jeke boldik degeni me?

    Alde Mem.til degen oimen jeke bolgen be?
    Sosyn kazak blog bola tura eng uzdik, nemese eng tanymal blogka katysa alady goi iya?

  2. Осы жайтты мен де сұрастырып едім, ұйымдастырушылар: «Қазақ тіліндегі блогтар ең үздік Қазақстан блогына да қатыса алады» деп айтты. Танымал блог туралы да солай.

  3. ;-(
    Орыс тіліндегі блогтар ең үздік Қазақстан блогына да қатыса алады – деп айтатын күн қашан келер екен.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: