QB BBC радиосына сұхбат берді

Кешке үй телефоным шыр ете қалды. Тұтқаның ар жағынан: “Сәлеметсіз бе? Біз сіздердің қазақ тілінде блог дамытуға үлес қосып жатқандарыңызды естідік. БиБиСи-дің Орта Азия елдерінің қызметі Қазақстандағы жаңа медиаға байланысты радио бағдарлама әзірлеп жатыр. Осыған орай Сіздермен кездессем деп едім” деген дауысты естідім. Сөйлеп тұрған Луиза екен (суретте).

BBC

Ол БиБиСидің Орта Азия елдерінің бөлімінде қызмет етеді. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Орта азия елдеріндегі БАҚ-тардың өзін-өзі басқару мәселесіне қатты көңіл бөліп жатыр екен. Осыған орай БиБиСи бұл мәселеге басқа қырынан келуге тырысыпты. Сөйтіп жаңа медияға тоқталыпты. Қазақ блогшыларынан (QB) Қуаныш екеуміз бодық. Бақытгүл белгілі бір жағдайларға байланысты келе алмады.

Луиза бізге:

  • Не себепті блог бастадыңдар?
  • Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме?
  • Жаңа медиа берген еркіндік салдарынан қоғамда ұлтараздық, дінараздық мәселелер туады деп ойламайсыңдар ма?
  • Қазақ тілінде блогты дамыту не үшін маңызды? т.б.

сауалдар қойды. Біз өз пікірімізді айттық. Ал егер Луиза Сіздерден сұраса, не деп жауап берер едіңдер?

P.S. Хабар эфирге берілген соң, Луиза бізге сілтемесін жолдаймын деп уәде берді.

Advertisements

8 жауап

  1. Mdaa… Ulken janalyq qoi!

    Qazaqsha suhbat aldy ma?

  2. Ooo jaksy. Sukbat Kazaksha aldy ma?

    Ins, oz blogymda suraktarga jauap jazam.

    1-inshi suraktan baskasy esh kyzyk emes-goi.

    “Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме?” -degende surak bolyp pa eken? 😦

  3. Surak orischa boldi, jaup kazakhcha kaitardik

  4. Шетелдік аудитория Қазақстандағы демократиялық процестер қалай жүріп жатқанын жақсы біледі. Сол себептен “Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме?” деген сұрағының астарында осы емеурін жатты д.о.
    Жауаптарыңызды пікір ретінде осы блогқа да қалдырсаңыз жақсы болар еді.
    Әрине қазақша жауап бердік 🙂

  5. Blog ty tek media nemese soz bostadygy ushin kerektenetin kural retinde oilauga bolmaidy. Men sol ushin “Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме” degen surakka kulkim keledi.

    Blog ar kogamga komekteseri sozsiz.

  6. […] 13, 2007 by urimtal Бұған дейінгі жазбаларымыздың бірінде BBC тілшісіне сұхбат бергенімізді айтқан едік. Соңында оқырмандарға да бірер сауал […]

  7. […] BBC радиотілшісінің Алматыға арнайы келіп, зерттеу хабар жасауы […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: