Блогқа не жазуға болады

Көпшілігіміз блогты онлайн күнделік деп ойлап келгеміз. Қазір блогшылар онлайн күнделікпен шектелмей, әртүрлі салада, әрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік бағытымен жазып келеді. (Соның ішінде қазақ блогшылары да бар)

Жаңа блог бастаушылар блогты қандай бағытта бастаймын, не жазамын деп ойлаған болса онда төмендегі блогтың түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға болатын сияқты.
Қазір блогшылар арасында блог жазудың де-факто 20 түрі кездеседі.
1. Кеңес беру
Басқаларға кеңес беру және түсініктеме жазған қонақтардың сұрақтарына жауап жазып, көмек болу.
2. Мағлұмат тарату
Болған хабарларды қысқаша таныстыру. Қонақтарға пайдалы мағлұмат беру.


3. Түсініктеме
Жаңа шыққан технология немесе сервис жайлы жеке ой-пікірін жазу
4. Тізбектеу
Блогтарда кездесетін 10 қате, блогшыларға арналған 10 кеңес деген сияқты жазулар осы топқа жатады.
5. Сұхбат, интервью
Басқаларымен жасаған сұхбат.
6. Айналысатын ісі туралы жазу
Өзінің жеке өмірінде айналысатын ісі, қызметі жайлы жазу
7. Жеке адамдардың мәліметі
Басқаларының жеке мәліметін жинақтау, толықтыру. Жұлдыздар туралы жазу көптеп кездеседі.
8. Басқа сілтемелер немесе блогтар жайлы жазу
Басқа блогтарда жазылған қызықты материалдарды дерек көзіне сілтеме бере отырып жариялау, мониторинг жасау
9. Мәселені талқылау
Болып жатқан немесе болған оқиғаларды талқылап, өз ойын жариялау
10. Салғастыру
Технология немесе сервис орындарының жақсы, жаман жақтарын салғастыра жазу
11. Зерттеу алаңы жайлы әңгімелеу
Зерттеушілер өзінің зерттеу алаңы жайлы жазып, сол алаңдағы ең маңызды мәселерге тоқталу.
12. Алдын-ала болжам жасау
Алда болатын жағдайларға болжам жасау, дискуссия құру.
13. Критика
Ұнамаған мәселелерді критикаға еңгізу
14. Дода
Блог арқылы да дода жүргізуге болады.
15. Гипотезис
Өмірде болмаған, бірақ егер бола қалған жағдайда нәтижелері қызық болатын дүниелер туралы жазу. Мысалы егер Google, Yahoo! екеуі біріксе… Әлем халқының саны 20 миллиардқа жетсе… деген сияқты жазуларды осы топқа жатқызуға болады.
16. Әжуа-күлкі
Саясаткерлер немесе жұлдыздардың жақсы-жаман тараптарын әзілмен жеткізу
17. Күнделік
Онлайн күнделік қозғалту
18. Әңгіме
Әдеби әңгіме жазып, қонақтарымен бөлісіп отыру
19. Мотиватия, жігер беру
Адамдар жақсылыққа апаратын жолдарды сүйіп оқитындықтан адамның табысқа жету жолдары, тәрбиелік мәні зор жазуларды жазып отыру
20. Белгілі бір тақырыптағы жаңалықтар, блогшылардың жазулары мен зерттеу алаңын салғастыра жазу.

Advertisements

One Response

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: