Не себепті блог бастадың?

Бұған дейінгі жазбаларымыздың бірінде BBC тілшісіне сұхбат бергенімізді айтқан едік. Соңында оқырмандарға да бірер сауал қойғанбыз. Жанарбек аталған сауалға өз блогында төмендегідей жауап беріпті:

Блог бастау әр кімнің қолынан келетін және жаһандану заманының бірде бір керегі ретінде түсінем. Өз басым блогты жеке басымның күнделігі ретінде қолданам. Бөліскім келген ойларды, тәжрибелерді, суреттерді және жаңалықтарды осы блог арқылы уақытқа не орынжайға бағынышсыз түрде әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен ой пікір алмаса алам.

Ал Бақытнұр болса:

Қазақ тіліндегі блогтың дамуына ең маңызды нәрсе дәл қазір:
Интернеттің өзі – яғни әркімнің Интернетке шыға алатын мүмкіндігі болу керек.
Ал енді блогшыларға келсек: олар үшін ең маңыздыс ізденіс пен талпыныс.

деп санайды.
Аталған сауалдарға қатысты басқа да блогшылардың пікірін білу қызық болар еді.

* Не себепті блог бастадыңдар?
* Блог шынымен де қазақ қоғамына көмектесе ме?
* Жаңа медиа берген еркіндік салдарынан қоғамда ұлтараздық, дінараздық мәселелер туады деп ойламайсыңдар ма?
* Қазақ тілінде блогты дамыту не үшін маңызды? т.б.

Advertisements

4 жауап

  1. […] 13th, 2007 by bakytnur QB блогында жарияланған сұрақтар тізіміне берер менің жауабым […]

  2. Шынымды айтсам қазақша ақпарат көзін барынша дамытқым келеді. Көп кездері интернет арқылы ақпарат іздесең жоқтың қасы.
    Бұл өмірде әр адам көп нәрсені өзгертуге үлес қоса алады. “Тазалық – өзіңнен басталады” деген сияқты блог бастау да өзіңнен басталса, келесі де саған қарап басқалар да тартыла бастайды. Сол арқылы интернетте қазақша ақпарттардың, құжаттардың және де қазақ қоғамының ой-пікірлерін басқа да елдер тамашалай алады деген ойдамын. Ұлтараздық, дінараздық мәселелер тудыруы мүмкін емес. Өйткені әр адам өз ойын жеткізеді, ал оның ойы, ол жеке басынын қамы, жұмысы. Оның ойына келісетіндер де бар, келіспейтіндер де бар. Сондықтан қай тілде, қандай тақырыпта жазамын десе де өзі біледі деп ойлаймын.

  3. logymdi kalay sandesem bolady? jane kai tuimeni basu kerek

  4. Blogyndy sandeu ushin Dashboard->Presentation degen jerge baruin kerek. Sosin sol jerdegi daiyn templateterden birin tangdaisyn.

    On jakka ne koaytynyndy ozin ozgerte alasyn. Widgets degenderden tangdap alip mouse-ben drag and drop 🙂

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: