Блог-идеяға 5000 еуро!

Ригадағы Баркэмке қатысты мынадай бір пайдалы да, қызық дерек бар. Бұл хабарды аударған Бақытгүлге алғсымызды білдіремін. 

Жобалар байқауы басқа сөзбен Инновациялар инкубаторы деп те аталады.

Мақсаты: Жаңа медия саласындағы инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Қалай жүзеге асады?

– BarCamp Baltics-ке қатысқысы келгендердің барлығына жаңа жобалардың идеясын (санына шектеу жоқ) немесе жүргізіліп жатқан жобаларды ары қарай дамыту туралы ойларын ұсынуға мүмкіндік беріледі.

– 15 қаңтарға дейін өз ойларыңызды немесе жобаларыңызды ұсынуға болады.

– 20 қаңтарда қабылданған ойлар мен жобалардың авторлары іріктеуден өткендері туралы хабар алады.

– Іріктеуден өткен жобалардың авторлары 1 ақпанға дейін өздерінің бір беттік ұсыныстарын 5-7 беттен тұратын бизнес-жоспар түрінде ұсынуы қажет.

– 1-8 ақпан аралығында сарапшылар жобаларды бағалайды. Осымен бірге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері де өз бағаларын беріп, грант бөлу туралы соңғы шешім қабылдайды.

– Жеңімпаздар BarCamp-тің соңғы күнінде жарияланады.

Оқуды жалғастыру

Advertisements

БарКэмпке дайындық

Ригада ақпан айында өтетін БарКэмпке Қазақстаннан әзірге барлығы 10 адам қатысуға өтініш білдірді. Кейбіреулерінің белсенділігін байқап, ұйымдастырушылар жолақысын төлейтін болды.

Жеке өз басым әлі де екі ойлы болып жүрмін. Виза алу үшін Астанаға бару керек екен. Әрі Ригада тұратын жерді өзің іздеп табуың қажет. Түптеп келгенде солай болуы заңды да. Себебі бұл бейконференция, яғни кенеттен ұйымдастырылатын жиын. Әркім өз үлесін қосуы керек.

Қазіргі мейрам қарсаңына қарамастан, Баркэмпке қатысты блогшылар арасында белсенділік өте жоғары. Әтүрлі елдердің блогшылары қатысатын болып жатыр. Бір қызығы бұл жиынға қатысқан адам, өзінің жаңамедияға қатысты бір жобасын ұсына алады. Егер жоба шынымен де қоғам үшін пайдалы болып шықса, оған арнайы қаржы бөлінбек екен. Әлгінде айтып өттім ғой, барар бармасым, әзірге белгісіз…

Тіркелу

Астана мен Қарағанды қалаларында қаңтар айының соңына қарай (шамамен 18-19) «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта өткізілетін семинарға қатысамын деушілердің төмендегі өтініш үлгісін толтырып, поштама (askhat@neweurasia.net) «»Семинар» деген тақырыппен жолдауларыңызды сұраймын.
1. аты-жөніңіз, мамандығыңыз
2. э-пошта, телефоныңыз
3. блогыңыздың адресі (бар болса)
4. блогқа қатысты нақты қандай тақырыптар қызықтырады

QB семинары: кездесу орнына қатысты сауалдар

Кешегі жазбаға қатысты пікірлеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Демалыс күндері блогосферамызды тыныштық орнап жатса оны түсіністікпен қабылдайық.

Arsenal777

бiздiн журналистикадагы студенттер кантардын 10нан кейiн демалыска ауылдарына тарап кететiн адетi бар.

дегенді айтты. Қарағандыда кездесу орны табылғанға ұқсайды. Нақты белгілі болғанда хабар беремін. Шамасы Қарағандыда бірінші өткізетін шығармыз. Арсенал, Сізден осы семинар-тренинг туралы хабарды көптеп таратуыңызды сұраймын. Сосын нақты кімдер қатысуға ниет етіп жатқанын маған айтасаңыз бек жақсы болады.

Нұргелді, Қостайнайда өткізетін орынның дайын екенін білемін. Қостанайда да қазақ блогшылары көбейіп жатса жақсы болар еді. Қостанайға барар, бармасымыз Астана мен Қарағандыдан соң белгілі болады д.о.

fermer13: «Семинар ұйымдастыру деген үлкен мәселе. Ол деңгейіне байланысты.
Мысалы – танысу үшін – оған көп нәрсе қажет емес. Келісілген уақыт және кафе немесе таверна»

депті. Дәл қазіргі ең өзекті мәселе семинарды қай жерде өткізетіндігімізде болып тұр. Тавернада танысу үшін жиналуға болғанымен, семинар өткізу үшін бізге инетке қосылған компьютерлер керек болар. Соған сай адам санымен өткізу күні анықталмақ. Әзірге бірнеше ой бар. Бірақ олардың барлығы қаңтардың онына дейін белгілі болады деген үміттемін.

  1. Астана қаласында журналистерге арналған, инетке қосылған компьютерлері бар орталықтар (Үкіметтік емес ұйымдар т.с.с.) бар ма?
  2. Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының журналистерге арналған сондай бір орталығы бар деп естігенмін. Олармен тек қаңтарда хабарласа аламын.
  3. Астана/Қарағанды қаласында оқу орындары (колледж, университет, инстиуттар) комп. кластарын жалға бера алам ма екен?
  4. Астана мен Қарағанды қалаларында аталған хабарды таратудың қандай жолдары бар?

Ақпараттық және моралдық көмек көрсетеміз деген Елсерікке, Бақытгүл мен Бақытнұрға алғысымды білдіремін. Басқа да ұсыныстарыңыз болса, хабарласыңыздар.

Блогшылар семинарын ұйымдастырайық!

Астана мен Қарағанды блогшыларына!

Қаңтар айының орта тұсында (18-19 күндерінің бірінде) Астана қаласында одан соң, Қарағанды қаласында «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыруды ойластырудамын. Осы семинарды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Ең әуелі осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардан, төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.

Нақты айтқанда:

  1. Астанада және Қарағандыда осы тақырыпта семинар өткізетін қандай жерлерді білесіз?
  2. Қай күн тиімді?
  3. Қазақ тілінде блог жүргізуге қатысты нақты қандай сұрақтар мазалап жүр?
  4. Аталған хабарландыруды өзгелерге де таратуда жәрдемдесе аласыз ба?
  5. Семинарға қандай жағдайда қатысып, қандай жағдайда қатыспас едіңіз?
  6. Жеке өзіңіз аталған семинарды ұйымдастыруда қандай жәрдем бере аласыз? (ақпараттық, материалдық, моралдық т.б.)
  7. Ұсыныстарыңызды пікір ретінде осы жерде қалдыруларыңызды сұраймыз.