Блог-идеяға 5000 еуро!

Ригадағы Баркэмке қатысты мынадай бір пайдалы да, қызық дерек бар. Бұл хабарды аударған Бақытгүлге алғсымызды білдіремін. 

Жобалар байқауы басқа сөзбен Инновациялар инкубаторы деп те аталады.

Мақсаты: Жаңа медия саласындағы инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Қалай жүзеге асады?

– BarCamp Baltics-ке қатысқысы келгендердің барлығына жаңа жобалардың идеясын (санына шектеу жоқ) немесе жүргізіліп жатқан жобаларды ары қарай дамыту туралы ойларын ұсынуға мүмкіндік беріледі.

– 15 қаңтарға дейін өз ойларыңызды немесе жобаларыңызды ұсынуға болады.

– 20 қаңтарда қабылданған ойлар мен жобалардың авторлары іріктеуден өткендері туралы хабар алады.

– Іріктеуден өткен жобалардың авторлары 1 ақпанға дейін өздерінің бір беттік ұсыныстарын 5-7 беттен тұратын бизнес-жоспар түрінде ұсынуы қажет.

– 1-8 ақпан аралығында сарапшылар жобаларды бағалайды. Осымен бірге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері де өз бағаларын беріп, грант бөлу туралы соңғы шешім қабылдайды.

– Жеңімпаздар BarCamp-тің соңғы күнінде жарияланады.

Қаржыландыру

Қаржыландырудың үш түрі болады:

  1. 250 € дейін
  2. 250-ден 750 €-ға дейін
  3. 750-ден 1500 €-ға дейін.

Ең үздік идеяның авторы 5000 € жүлде алады.

Жазбаның толық нұсқасын Жаңаеуразиядан оқи аласыз.  

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: