Астанадағы кездесу

astana-training.jpgКеше Астана қаласындағы Еуразиялық университеттің журналистика факультеті кафедрасымен бірлесе отырып, “Қазақ тілінде блог жүргіздуңің қыр-сыры” деген тақырыпта тренингімді өткіздім. Кафедра меңгерушісі Айткен ағайға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Барып, түсіндіріп едім, бірден түсініп, студенттермен кездесу өткізуге бірден келісімін берді. Студенттерге ұнаған, ұнамағанын білмеймін, бірақ оқытушылар тарапынан сұрақтар қарша борады. Аудиторияның (218) суық болып 😦 және сол күні интернеттің болмай қалғанын айтпағанда бәрі жақсы өтті.  

QB Астана блогшыларымен кездесуді жоспарлауда

Кімде қандай ұсыныс бар? Мүмкін болса, осы аптада Астана қаласындағы блогшылармен, блог бастауға ниеттеніп жүрген жандармен кездессем деймін.

QB Қарағанды блогшыларымен кездесті

Көптен жоспарлаған кездесуім сәтті жүзеге асып, Қарағанды қаласында қазақ блогшыларымен кздесіп, пікірлесіп қайттық. Кездесудің қалай өткенін өрімталдың, Жанарайдың және Әлияның блогтарынан оқуға болады.

Дүсенбі күні бұл кездесу туралы арнайы хабар КТВ атты Қарағанды телеарнасынан көрсетілмек.

Қарағандыдағы блогшылар семинарына қатыс

Интернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.

25-қаңтар, Жұма күні, Қарағанды қаласы, Кривогуза к-сі, 5 (5-қабат) «БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы» ұйымының кеңсесінде Блогқа, Интернетке байланысты «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» деген тақырыпта «neweurasia.net» Орталық Азия блогтар жүйесінің қазақ бөлімінің үйлестірушісі бір күндік арнайы семинар өткізеді.

Семинарда қазақ журналистеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жалпы интернеттің қазақ тілді бөлігіне қызығушылық танытқан жандарға қазақ тілінде блог (жеке сайт) жүргізудің жолдары көрсетілмек.

Жеке блог ашып, интернеттің қоғамға тигізер әсері жөнінде мағлұматтармен бөліскің келсе, блог, азаматтық журналистика, интернет деген сөздер қызығушылық тудырса, өз өтінішіңді askhat [at] neweurasia [nukte] net э-поштасына жолда. Өтініш хатта бұл семинарға не себепті қатысқың келетініңді баяндасаң жеткілікті.

WordPress-тің таңдаулы 100 дизайны

Уордпресс қазақшаланғалы бері осы платформада блог ашушылар күн санап көбейіп келеді. Алайда бір байқағаным, көпшілігіміздің блогтарымыздың келбеті бір-біріне өте ұқсас. Әрине бір үйдің баласындай әрқайсымызда ұқсастықтың болғаны жақсы-ақ. Алайда, уордпресс блог дизайнның кең мүмкіндігін ұсынатынын еске салғым келеді. Бүгін уордпресстің таңдаулы 100 дизайнына қатысты қызықты бір жазбаны оқыдым. Сонымен бөлісейін деп едім. Қызықтып қарап көріңіз. Бәлкім, біріміз үшін пайдалы болып қалар.