Аударма: ping

Блог жүргізу барысында Ping сөзін кездестірген боларсыздар. Осы сөзді қазақшада қалай беруге болатынын талқыламас бұрын, мағынасына үңілейік. 

ИТ саласында қолданылатын мағынасы: бір желіден екінші желіге информацияны жіберу.

Негізі пікірлердің соңында тұрады, яғни сіз басқа блогтан материал алсаңыз, немесе оны аударып берсеңіз сол материалға сілтеме беріліп тұрады.

Менің ойымша аудармасын іздемей-ақ «пинг» деп қолдансақ дұрыс сияқты.

Сурет түрінде көрсетсек, былай болады:

2311

2311.  Білетіндер біледі мұның не екенін 😉 Бірақ олар шаршап қалған ғой деймін, соңғы кезде көп өзгерістің болмағанына қарағанда 😦 

Білгісі келгендер осы жерге немесе менің поштама хабарласуларына болады.

404

Бәріміз интернетте бір нәрсені іздеу барысында мына сөзді аз кездестірмеген болармыз: «404: page not found»

Бұл беттің болмағаны жақсы ғой, бірақ анда-санда кезігіп қалсаңыз, ерекше ойластырылған бетке түсу ашуыңызды біраз тежейтін сияқты:

Мына жерден алынды.

BarCampBaltic 2008: кездескенше

https://qazaqblogshilar.files.wordpress.com/2008/02/new.jpg

Сонымен бейконференция аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

Ең үздік пікірге мына сыйлықты Ригадан алып келеміз!

“Қазақ тіліндегі блогты дамытуға қатысты үздік идея” ұсынған оқырманға сыйламақшымыз. Байқау нәтижесін ертең шығарамыз! Толығырақ «Жаңаеуразияда»!

Бейконференциядан сілтемелер

Сәлем, блогтың оқырмандары. Тағы да блогшылар жиынынан хабарласып отырмын. Мыналар қоймай қойды ғой деп ашуларың келіп отырмаған болар деп сенемін 🙂

Мына сілтемелер сіздерге (өкінішке орай ағылшын тілінде, бірақ тіл үйреніп жүргендерге жақсы көмек болады) пайдалы болады деп сенемін.

http://www.codeide.com/ программалауға үйретеді

http://www.mixxt.de/ social network құру мүмкіндігі

Оф-лайн блог жүргізу

Блогыңа орнататын жазба мен суреттеріңді әуелі компьютеріңде жазып алып, кейін интернетке қосылғанда тікелей орнатуға мүмкіндігіңі турасында айтқалы отырмын. Жеке өз басым әлі Мегалаинның тұтынушысы болмағандықтан, күндіз блог жазбамды жазып алып, түнде интернеттің бағасы арзандағанда орнатамын. Бір артықшылығы кейбір блогтұғырда мүмкін емес (мәселен блогспотта мәтінді бөліп жариялау) қызмет түрлерін пайдалануға болады. Бұл бағдарламаның аты WindowsLiveWrtiter.

=====

Келесі бір ұсыныс суретке қатысты. Блогқа сурет орнатқанда мен оның көлемін кішірейтіп аламын. Мәселен мына бір бағдарламаны ұсына аламын. Оны мына жерден жүктеп алуға болады. Сәл төменірек түсу керек те, суреттегі жерден түсіріп алған жөн. Компьютерге жүктеп алған соң, мышканы (тінтуірді 🙂 суретке апарып, оң жағын басқанда шығатын кішкентай терезеден image resizer деген жазу шығады. Кейін сол жерден өзіңізге қалаған көлемде суретті кішірейте аласыз.

Сәттілік тілеймін!