Біле жүріңіз

Блогқа еш қатысы жоқ. Қызық. Әркез ойламаған жерден бір нәрсенің шыға келетіні 🙂

Бүгін пікірде жазылған «Fibonacci sequnce» осы жазбаны жазуға түрткі болды.

Аудармасы Фибоначчи жүйелілігі. Яғни келесі сан алдыңғы екі санның қосындысына тең болады.

1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89, 144, 233, 377, 610, 987, 1597 …

Леонардо Пизан (Leonardo Pisan, 1170-1250) атты математиктің атымен аталған. Негізі бұл математик Фибоначчи (Fibonacci), деген лақап атымен танымал.

Аударма: bozo

Уордпресті аудару барысында түрлі сөздерге кезігесің. Соның бірі «bozo»

Мысалы, мынадай сөйлем бар екен:

This user is a bozo

Counting bozo posts…

These users have been marked as bozos

Bozoсленг сөз – тип, личность, субъект (орысша)

Синонимы: fellow

Қазақша сонда қалай болады?

azattyq.org: Білім беру ісінде Интернет технологиялардың мүмкіндігін пайдалану жайында

Өзім білім саласында жұмыс істегендіктен, блог, Web 2.0 тәрізді Интернет-технологиялардың білім беруге және білім алуға байланысты қандай пайдасы бар және осы блогты білім алуға көмекші құрал ретінде қолдануға бұру маңызды деп ойлаймын. Өйткені, мысалы, мектеп мұғалімдері я болмаса университет мұғалімдері қазіргі болып жатқан жаңалықтарды бірден өзінің дәрістерінде, лекцияларында беріп, соны кейін емес, дәл қазір студенттерге үйретсе олар университетті бітіріп шыққанда жақсы маман болып шығуына көп септігін тигізеді. Continue reading

Кім біледі?

Алдыңғы күні Бақытнұр уордпреске біраз сөздер қосып 2534-ке жеткізіп қойып еді. Кеше қарасам қайтадан 2510-да тұр. Не болғанын түсінбей қалдым.