azattyq.org: Білім беру ісінде Интернет технологиялардың мүмкіндігін пайдалану жайында

Өзім білім саласында жұмыс істегендіктен, блог, Web 2.0 тәрізді Интернет-технологиялардың білім беруге және білім алуға байланысты қандай пайдасы бар және осы блогты білім алуға көмекші құрал ретінде қолдануға бұру маңызды деп ойлаймын. Өйткені, мысалы, мектеп мұғалімдері я болмаса университет мұғалімдері қазіргі болып жатқан жаңалықтарды бірден өзінің дәрістерінде, лекцияларында беріп, соны кейін емес, дәл қазір студенттерге үйретсе олар университетті бітіріп шыққанда жақсы маман болып шығуына көп септігін тигізеді.

Мәселен, өзге елдерді алып қарасақ, Америкада журналистика факультетінде жұмыс істейтін мұғалімдер Интернетте өз блогтарын ашып қойып, ол блогта тек қана университетте оқитын дәрістерін ғана емес, сонымен қатар қосымша басқа да ақпараттарды беріп, яғни адамдарға көбірек білім алуға ашық мүмкіншілік жасап отыр.Сол секілді, АҚШның Беркли қаласындағы Калифорния университеті өздерінің физика, химия, биология пәндерінен жазылған 300 сағат видеодәрістерді Интернеттегі YouTube сайтына еркін пайдалану үшін орналастырып қойған. Яғни, ағылшын тілетін студенттер үшін Интернет арқылы әрбіреуі 45-55 минуттық сол видео-сабақтарды Қазақстанда отырып-ақ көріп, тыңдауына мүмкіндік бар.

Міне Интернеттің осы тәрізді өте жақсы мүмкіндіктерін біз де белсенді пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Сондықтан, біздің университеттер жастарға, жалпы халыққа білім алу мүмкіндігін кеңейтетін осы істерді қолға алып, кеңінен қолданысқа енгізгені игі жұмыс болмақ.

Әйткенмен де, жалпы Қазақстанда жұртшылықтың Интернетке қосылуы өте баяу және Интернеттің бағасы әлі күнге қымбат күйінде қалып отыр. халықтың үйінебалаларына болсын немесе ересектер өздеріне болсынкомпьютер сатып алу мүмкіндіктері әлі шектеулі деп ойлаймын. Біздегі компьютерлік сауаттылық пен Интернетті дамыту жолындағы ең басты тосқауыл осы жайттармен байланысты.Егер мемлекет тарапынан, білім беру органдары тарапынан білімді көпшілікке тарату дұрыс, жоспарлы түрде жүзеге аспаса, онда халықтың да білім деңгейі, мәдени деңгейі көтерілуі қиын болады. Білім ордасы, мейлі ол мектеп болсын, колледж болсын, университет болсын, осыған байланысты жоспарлы түрде мақсатты жұмыстар атқаруы керек.

Сонда ғана біз айтып отырған Интернеттегі веб-сайттар, блогтар және өзге де жаңа технологиялардың жұртшылық арасында танымалдылығы артады. Сол себепті халыққа оны оңай тілмен түсіндіріп жеткізетін іс-әрекеттер жасау қажет деп ойлаймын.

Дерек көзі: Азаттық радиосы

Advertisements

One Response

  1. толығымен келісемін, шет елдің университеттерінде профессорлар лекцияларын өз сайттарына шығарады, презентацияларын да жүктеп тұрады, кейбір студенттер сол лекцияға қатыспаса, интернеттен барлық ақпаратты көре алады. біз соған қашан жетеміз…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: