Қазақ тіліндегі блог статистикасы (1)

Өзім блог басталғалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.

Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім жасауға тырыстым. Блогқа кіріп танысуларыңызға болады. Әлі ешкім өз блогында сілтеме бермеген блогтар болуы мүмкін (ондайларды білсеңіздер сілтемесін жазып жіберіңіздер ).

Сонымен, бүгін блог туралы блогта тіркеліп тұрған қазақ тіліндегі блогтар саны 75.

Оның ішінде:

wordpress.com – 33

blogspot.com – 29

livejournal – 3

blog.ru – 1

жеке домені барлары – 9.

Жеке домені бар 9-дың ішінде:

.kz – 5

.info – 1

.net – 1

.com – 1

.de – 1

Тізімдегі 2 блог өшірілген немесе мекен-жайы өзгертілген.

Халықаралық жобаның қолдауымен 1 блог жұмыс істейді.

Бірнеше блогы (2-3) бар блогшылар саны – 4.

2007 жылдан бері жаңартылмаған блогтар саны – 8 (нақтылауды қажет етеді).

Блогшылардың мамандығы бойынша зерттеу болашықтың ісі, қазір мен тек екеуіне тоқталайын: журналсист және мұғалім.

Журналистердің блогтары: жалпы саны 13

Оның ішінде:

wordpress – 8

blogspot – 4

livejournal – 1

2007 жылдан бері жазба жазылмағандары: 4

Соңғы 3 айда жазба жазылмағандары: 2

Мұғалімдердің блогтары: 3 (мектепте физика мұғалімі, колледж, университет) (тағы 1 блог бар, бірақ ол жаңартылмайды)

Бір жерден блог ашуға мүмкіндік беретін блог-портал 1. Қазіргі таңда ол жерде ашылған блогтар саны – 8. (Әзірге бұл мәліметтер есепке алынбайды)

Сонымен, осы мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жасап көріңіздер.

(Жалғасы бар)

Advertisements

4 жауап

  1. рахмет. өте маңызды статистика.

  2. 🙂 пайдасы тиер деп сенемін

  3. Мына блогты көрмей қалыппын http://abadan7.wordpress.com/ Сіздер де айтпайсыздар, осындай бар деп

  4. аааа, шынымен де. бұл біздің кафедраның мұғалімі. оның жолдасы ақын, әрі журналист. блог поэзияға арналады деп шешкен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: