Аударма

Соңғы рет уордпрестегі аударма туралы жазғанда аударғанымыз 2432-ге түсіп қалып еді.

Енді міне бүгін сол аударма 3000 деген көрсеткішті көрсетіп тұр. Барлығы 4247 бірлік аударылуы тиіс. Яғни, әлі тағы 1247-сі бар деген сөз.

Менде мынадай ұсыныс бар (екінші рет қайталанбайды, өйткені осы жолы жүзеге аспаса ешқашанда жүзеге аспайды деген сөз ғой):

Осы аптаның соңында офисыма ағылшын тілін білетін уордпресті аударуға көмек көрсеткісі келетін 4-5 жастарды 1 сағат уақыттарын бөлуге шақырамын, олар open source, open software идеяларын түсініп қолдайтын болса тіпті жақсы 🙂 (өйткені ақша төлене ме деген сұрақты ешкім қоймайтын болады ) Басқа қаладағылар немесе Алматыдағы, бірақ компьютері мен интернеті үйде бар азаматтар он-лайн қатысса болады.

Өткізілетін уақыты: 17 мамыр сағат 16:00-17:00 немесе 18 мамыр сағат 11:00-17:00 аралығында таңдасаңыздар болады.

Компьтердің шектеулі болуына байланысты 4-5 адам деп отырмын, өздерінің лаптопымен келгісі келгендерге есік ашық.

Егер ұйымдаса алсақ, әр жерде орналасқан адамдардың бір істі жұмыла істегенінің куәсі бола аламыз 🙂

Осы жерде пікірлеріңізді қалдырып, ойларыңызбен бөліссеңіздер болады.

PS: мен үшін ең бастысы аударманың санын көбейту емес (өзім жайлап аудара беремін ғой), жастар өз беттерімен шешім қабылдап, идея (бұл жерде интернетте қазақ тілін дамыту деп оқыңыз) үшін жұмыс істей ала ма, жоқ па дегенді де білу.

Advertisements

35 жауап

  1. Jaksy idea. Keide kababattaskan sozderi ozderi oshiretin siakty. Sosin algi audarylgan sozder osip kemip otyrady-mys!

  2. Бақытнұр, рахмет, он-лайн қосыласың деп сенемін. Саған қай уақыт ыңғайлы?

  3. wow
    kizik boladi 🙂

  4. Huanysh: qiziq bolatininda soz joq 🙂 ia, sonimen, on-line qatisasin ba? kyni men yaqiti tyrali ne oilaisin?

  5. Karakyz habarlasti, byl kynderi on-line shiga almaidi eken, bizdi qoldap jatqanin jetkizdi

  6. Dal sol uakytyn osy jerge jaza salynyz.. I’ll try 🙂

  7. Keremet idea! Jezqazganga training otkizuge ketpeitin bolsam, InwAllah kelemin. Sozdikterimdi qosa koterip kelsem bola ma 🙂

  8. Ayir bolmasa sozdikterindi koterip kel 🙂 Bizde (officte) de sozdikter tabilar. Mymkin tagi baska blogshilar habarlasip qalar 🙂

  9. Onda yaqiti senbi kyni 16:00-17:00 dep keliseiik.

  10. Құрметті Бақытгүл. Қазақ интернетін дамытуға қосып жатқан үлесіңіз үшін сізге мың да бір рахмет айтамын. Егер, осы күндері айтылған уақытта үйде бола алсам, онлайн аркылы қосылуыма болады.

  11. Рахмет, Есенгүл. Ниетіңізге ризамыз,

  12. Туу, осындай керемет пайдалы басқосуларды жаным сүйеді. Рахмет, Бақытгүл! Титімдей пайдам тиіп жатса, қуанамын ғой.
    Алдын ала аударатын сөздерді жүйелеп қою керек шығар.
    Мүмкін жұмыс жеңіл болуы үшін топқа да бөлерміз. Бірақ, сен оның барлығын ескеріп қойған боларсың д.о. 🙂

  13. бастысы – еркіндік !!! қастарыңызға бір-бір көмекшіден де алсаңыздар болады 🙂 орындық тауып беремін 🙂

  14. […] Интернетті қазақ тілінде дамытуға пейілді болсаң мына жерді оқысаң […]

  15. онлайн – қосылғандар байланысқа қалай шығады … бір чатты дайындап қоймайсыздар ма?
    мысалы http://kazakh.chatium.com

  16. Бұл жерде чат қандай мақсатқа керек соған байланысты ғой.
    gmail чаты бар, skype бар – осы екеуі ыңғайлы сияқты, мен үшін. Мен негізі былай ойлағанмын, қосылғысы келгендер осы жерге пікірлерін қалдырады, сұрақтары болса сұрайды, ал сенбі күні тек қана қолдарынан келгенше аударма қоса береді.

  17. Сонан кейін уордпресте блогы жоқтар да , ағылшын тілін білмейтіндер де қосыла алмайды ғой. Шынын айтсам ең болмағанда 10-15 адам да жинай алмайтыным айдай анық қой (оны басында да білгенмін, сонда да үміт дегенді қойсаңшы). Сол баяғы 4-5 блоггер өзім білетін он-лайн жиналар. Офиске кім келетінін әлі нақты өзім де түсінбедім 🙂

  18. Блогы бар, тіл білмеген адам қасына тіл білетін, блогы жоқ адамды ертсе үйлесетін болар:).

    Бақытгүл апай, маған офиске баруға мүмкіндік туып қалуы ғажап емес, жоспарлар өзгеріп жатыр:) Бірақ әлі анық емес.

  19. өте жақсы идея! Келуге тырысам

  20. Қарақыз, қалай болғанда да қолдауыңа ризамын 🙂

  21. Мақпал, рахмет. Келе алсаң жақсы болады 🙂

  22. Кейбір келе алмайтындар СМС пен байланысқа шығу жөнінде айтып жатыр, Бақытгүл 🙂

  23. Көңілдеріне көп рахмет 🙂

  24. […] пікірлер Bakytgul Salykhova Аударма адресіндеbaurdotnet Эльвира super!!! адресіндеhuanysh Қазақ […]

  25. Тамаша бастама! Аударманы қазақ тілі бойынша жұмырлауға қатысар едім. Бірақ қалай қатысуды білмей тұрмын. Чатпен қалай байланысуға болады? Сосын алдын ала сөздерді тізіп, олардың мағынасын қазақшалап бергенде, іс тиімді әрі нәтижелі болар еді. Неге әлгі мың қаралы сөздерді шығарып алып, олардың мағынасын қазақшалап ортаға тастамаймыз? Әлде “тікелей эфирсіз” болмай ма?

  26. Рахмет, Ерсерік. Бұл жұмыс бұрыннан бері жүріп жатыр ғой, сондықтан сөздерді тізіп те, талқыға салып та жұмыс істеп көрдік қой. + жағымен қоса, – жақтары да көп болды. Біріншіден, олай істесең біреуді міндеттегендей боласың. Бұл адамның өз еркімен істелетін жұмыс қой, сондықтан қалаған адам аудармаға қатысады, бір сөз болса да қосады. Екіншіден, тізіп алған сөздер, сөйлемдерді қайтадан орнына қою үшін бүкіл тізімнің ішінен оны іздеу керек, көп уақыт алады. Бұл жолы қалай болатынын білмеймін, өткеннен кейін блогта жазып әсерлерімізбен бөлісеміз ғой.

  27. Сонан соң сөздерді көшіріп алу үшін де уақыт керек қой, оны кім істейді (оңай емес, мен тізіп көргенмін 🙂 )? ал солай істесек те, тәжірибе көрсеткендей, бұл жақсы нәтиже береді деп айта алмаймын. Бұл кездесуіміздің ең басты ерекшелігі жартымыз офисте, қалғанымыз он-лайн жиналып бір сәтте бір мақсатқа жұмылып жұмыс істеуге тырысамыз. Сол ғана. Ал бұл жолы чатты тек “сәлем; мен қосылдым; мына сөздің аудармасы туралы не ойлайсыңдар; мына сөзді есіме салып жіберіңдерші” т.с.с. үшін қолданармыз 🙂 Уақыт көрсетеді, бәрі басқаша да болуы мүмкін 🙂

  28. […] басында Бақытгүл уордпресті аударуға байланысты керемет бір ұсыныс жасаған еді. Жаңа ғана аудармаға байланысты бірінші […]

  29. Салем Бақытгүл

    Бірінші онлайн отырыстарынмен құттықтайымын.
    Сосын аударып біткенге дейін апта сайын болып тұратын ғып бір белгілі уақытты белгілеп қойсаң

    Жаңа блог сайт ашылуымен де құттықтайымын, кеш болса да

    Жеңсітің шындарынан көріне беріңіздер

  30. Жайна, рахмет. Мына ұсынысыңды (Сосын аударып біткенге дейін апта сайын болып тұратын ғып бір белгілі уақытты белгілеп қойсаң) бәріне айтып көрейік, не айтар екен. Уақытың болса қатарымызға қосылыңыз 🙂

  31. […] сыр шертсем. Осы уақытқа дейінгі WordPress-тегі аударма Бақытгүлдің бастауымен атқарылып келген еді. Қазір wordpress.com аударма жүйесін […]

  32. ote jahsi pikir eken isterinizde sattilik tileimin!
    men ozim blogumdi kazakshaga audardim 90% ga juih tamamdadim inshallah holminnan kelgeninwe mende audaruga tirisam

    blogim: http://blog.ayaldama.com

  33. Ағайын, рахмет ниеттеріңізге! Әрине, аударма барысы әрқайсысымызға зор жауапкершілікті арқалауды талап етеді. Аударма кезінде, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару екінің бірінің қолынан келе бермейтін мүмкіндік, сондықтан, орыс тілінің аудармасынан да үлгі ала отыруларыңызға болады.

    Жұмыс барысын түсіндіре кетсем:

    Сіз қазір мына мекен-жайда отырсыз делік: http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default?page=1

    Демек, біз сияқты орыс бауырларымыз да осы бетте отырады, басты ерекшелік мұнда: kk орнында ru болады. Біздегі http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/kk/default?page=1 оларда http://translate.wordpress.com/projects/wpcom/ru/default?page=1 болады, әрі қарай, page= деген жерге, бет нөмірін жаза беруге болады. Сондай-ақ, түрік тілдерін жақсы білетін ағайындар да бар, олар kk орнына tr қоя салады… Амал өте қарарапйым, түсінбесеңіздер, түсініп алу үшін, сұрақ тастағаныңыз жөн болар. Сәттілік!

  34. Tamasha idea! Birah sizderdin bul idealarinizdin natijesi ne bolganin bilgim keledi ???

  35. Bahytgul eger sizder bul audarmani qazir jalgastiruda bolsanizdar men kolimnan kelgenshe komektesuge azirmin chat arkili…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: