Баркемп туралы

BarCamp (баркемп) – (бей)конференция деп аталады, яғни конференция өткізудің жаңа бір форматы. Дүние жүзінде кең тараған.

Еуропа, Американы есептемегенде, былтырдан бері Киевте, Ригада, Львовта өтті. Енді тамыз айында Бішкекте (Қырғызстан) Орталық Азия баркемпі болады деп күтілуде.

Баркемпке негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.

Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.

Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:
1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3.
Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жаса
йды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады, және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.

Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой.

Қазақстандағы түрлі баркемпке қатысқан жастар осындай конференцияны біз де өткізейік деп ұсыныс айтқан болатын, соның нәтижесі қазір тек қана сайт түрінде көрініс тауып тұр. Әзірге орыс тілінде, қазақша да, ағылшынша да жазайық деп ұсыныс айтқанмын. Сондықтан қызығушылық танытқан мамандар қажет, сайтты жақсартуға, ыңғайлы қылуға кеңес беретін. (Cайтты жасаған Дима, логоны Даша жасады. Қазір тіркелгендер саны 12 адам.)

Қазақстанда мұндай форматтағы іс-шара әлі өткізілген жоқ, сонымен бірге мен баркемпке қазақ блогшылары, қазақ тілді ИТ мамандар белсенді қатысса екен деп ойлап едім. Сондықтан барынша хабарлап жатырмын, сонымен бірге сіздерді де белсенділік танытып қатысуға шақырамын.

Жалпы осы, сұрақтарыңызды күтемін.

PS: Баркемп кезінде презентацияларды өткізуді ұйымдастыру ерекшелігі туралы келесі жолы жазамын

Advertisements

4 жауап

  1. […] медиа. Tags: blogcamp trackback BarCamp дегеніміз не екені жайлы мына жерде оқыған боларсыз. Мен осыған тек қосымша материал […]

  2. […] Осыған дейін бірнеше елде өткен Баркэмптерге қатысқан едік. Сондай Баркэмптің біріне қатысқан Бақытгүл бұл іс-шараны өте дәл түсіндірген: […]

  3. […] Осыған дейін бірнеше елде өткен Баркэмптерге қатысқан едік. Сондай Баркэмптің біріне қатысқан Бақытгүл бұл іс-шараны өте дәл түсіндірген: […]

  4. […] Осыған дейін бірнеше елде өткен Баркэмптерге қатысқан едік. Сондай Баркэмптің біріне қатысқан Бақытгүл бұл іс-шараны өте дәл түсіндірген: […]

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: