Баркемп туралы

BarCamp (баркемп) – (бей)конференция деп аталады, яғни конференция өткізудің жаңа бір форматы. Дүние жүзінде кең тараған.

Еуропа, Американы есептемегенде, былтырдан бері Киевте, Ригада, Львовта өтті. Енді тамыз айында Бішкекте (Қырғызстан) Орталық Азия баркемпі болады деп күтілуде.

Баркемпке негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.

Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.

Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:
1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3.
Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жаса
йды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады, және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.

Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой.

Қазақстандағы түрлі баркемпке қатысқан жастар осындай конференцияны біз де өткізейік деп ұсыныс айтқан болатын, соның нәтижесі қазір тек қана сайт түрінде көрініс тауып тұр. Әзірге орыс тілінде, қазақша да, ағылшынша да жазайық деп ұсыныс айтқанмын. Сондықтан қызығушылық танытқан мамандар қажет, сайтты жақсартуға, ыңғайлы қылуға кеңес беретін. (Cайтты жасаған Дима, логоны Даша жасады. Қазір тіркелгендер саны 12 адам.)

Қазақстанда мұндай форматтағы іс-шара әлі өткізілген жоқ, сонымен бірге мен баркемпке қазақ блогшылары, қазақ тілді ИТ мамандар белсенді қатысса екен деп ойлап едім. Сондықтан барынша хабарлап жатырмын, сонымен бірге сіздерді де белсенділік танытып қатысуға шақырамын.

Жалпы осы, сұрақтарыңызды күтемін.

PS: Баркемп кезінде презентацияларды өткізуді ұйымдастыру ерекшелігі туралы келесі жолы жазамын

Advertisements

17 мамыр

Бүгін 17 мамыр. Сағат 15:55 (Алматы уақыты бойынша). 5 минуттан кейін бастайық.

Уордпрестегі аударылған бірліктер саны 3050-ді көрсетіп тұр.

Ал қош келдіңіздер!

Ұсынысты қолдаушылар

17 мамыр күні (16:00-17:00) уордпресті бірлесіп аударайық деген ұсынысты қолдағандарды атап өтейін:

Бақытнұр, Қуаныш, Асхат, Есенгүл, baurdotnet, Karakyz, Мақпал .

Барлықтарыңа рахмет, ұялып пікір қалдырмай жатқандар да бар екен 🙂 , сіздерге де рахмет !

Біразы офистің мекен-жайын біледі, сонда да жеке телефон мен офисті қалай табуды е-пошталарыңа жазып жіберемін.

Төртеуіміз офисте (Асхат, Мақпал, Karakyz және мен), қалғандары он-лайн шығады деп күтілуде. Жоспарларыңыз өзгеріп жатса айтыңыздар.

Мақпал мен Karakyz – офиске келу мүмкіншілігі болмай жатса еш реніш болмайды 🙂

Астанадағы кездесу

astana-training.jpgКеше Астана қаласындағы Еуразиялық университеттің журналистика факультеті кафедрасымен бірлесе отырып, «Қазақ тілінде блог жүргіздуңің қыр-сыры» деген тақырыпта тренингімді өткіздім. Кафедра меңгерушісі Айткен ағайға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Барып, түсіндіріп едім, бірден түсініп, студенттермен кездесу өткізуге бірден келісімін берді. Студенттерге ұнаған, ұнамағанын білмеймін, бірақ оқытушылар тарапынан сұрақтар қарша борады. Аудиторияның (218) суық болып 😦 және сол күні интернеттің болмай қалғанын айтпағанда бәрі жақсы өтті.  

QB Астана блогшыларымен кездесуді жоспарлауда

Кімде қандай ұсыныс бар? Мүмкін болса, осы аптада Астана қаласындағы блогшылармен, блог бастауға ниеттеніп жүрген жандармен кездессем деймін.

QB Қарағанды блогшыларымен кездесті

Көптен жоспарлаған кездесуім сәтті жүзеге асып, Қарағанды қаласында қазақ блогшыларымен кздесіп, пікірлесіп қайттық. Кездесудің қалай өткенін өрімталдың, Жанарайдың және Әлияның блогтарынан оқуға болады.

Дүсенбі күні бұл кездесу туралы арнайы хабар КТВ атты Қарағанды телеарнасынан көрсетілмек.

Қарағандыдағы блогшылар семинарына қатыс

Интернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.

25-қаңтар, Жұма күні, Қарағанды қаласы, Кривогуза к-сі, 5 (5-қабат) «БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы» ұйымының кеңсесінде Блогқа, Интернетке байланысты «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» деген тақырыпта «neweurasia.net» Орталық Азия блогтар жүйесінің қазақ бөлімінің үйлестірушісі бір күндік арнайы семинар өткізеді.

Семинарда қазақ журналистеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жалпы интернеттің қазақ тілді бөлігіне қызығушылық танытқан жандарға қазақ тілінде блог (жеке сайт) жүргізудің жолдары көрсетілмек.

Жеке блог ашып, интернеттің қоғамға тигізер әсері жөнінде мағлұматтармен бөліскің келсе, блог, азаматтық журналистика, интернет деген сөздер қызығушылық тудырса, өз өтінішіңді askhat [at] neweurasia [nukte] net э-поштасына жолда. Өтініш хатта бұл семинарға не себепті қатысқың келетініңді баяндасаң жеткілікті.