BarCampBaltic 2008: кездескенше

https://qazaqblogshilar.files.wordpress.com/2008/02/new.jpg

Сонымен бейконференция аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

Бейконференциядан сілтемелер

Сәлем, блогтың оқырмандары. Тағы да блогшылар жиынынан хабарласып отырмын. Мыналар қоймай қойды ғой деп ашуларың келіп отырмаған болар деп сенемін 🙂

Мына сілтемелер сіздерге (өкінішке орай ағылшын тілінде, бірақ тіл үйреніп жүргендерге жақсы көмек болады) пайдалы болады деп сенемін.

http://www.codeide.com/ программалауға үйретеді

http://www.mixxt.de/ social network құру мүмкіндігі

БарКэмпке 6 күн қалды!

12358-custom.jpgРигада өтетін БарКэмпке барлығы әлемнің 34 елінен 968 блогшы қатысуға өтініш білдірді. Қазақстаннан қатысуға ниет білдіргендердің тізімін суреттен көріп отырсың. Қазақ блогшыларынан өкінішке қарай, көп адам қатысқысы келмеді. “Неге?” деген сұраққа мен де жауап бере алмаймын. Бәлкім қаржы тапшылығы, уақыттың сәйкессіздігі себеп болар. Аллаһ нәсіп етіп, Ригаға барып жатсақ, ИншАллаһ, хабар іліп тұрамыз ғой.

QB семинары: кездесу орнына қатысты сауалдар

Кешегі жазбаға қатысты пікірлеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Демалыс күндері блогосферамызды тыныштық орнап жатса оны түсіністікпен қабылдайық.

Arsenal777

бiздiн журналистикадагы студенттер кантардын 10нан кейiн демалыска ауылдарына тарап кететiн адетi бар.

дегенді айтты. Қарағандыда кездесу орны табылғанға ұқсайды. Нақты белгілі болғанда хабар беремін. Шамасы Қарағандыда бірінші өткізетін шығармыз. Арсенал, Сізден осы семинар-тренинг туралы хабарды көптеп таратуыңызды сұраймын. Сосын нақты кімдер қатысуға ниет етіп жатқанын маған айтасаңыз бек жақсы болады.

Нұргелді, Қостайнайда өткізетін орынның дайын екенін білемін. Қостанайда да қазақ блогшылары көбейіп жатса жақсы болар еді. Қостанайға барар, бармасымыз Астана мен Қарағандыдан соң белгілі болады д.о.

fermer13: “Семинар ұйымдастыру деген үлкен мәселе. Ол деңгейіне байланысты.
Мысалы – танысу үшін – оған көп нәрсе қажет емес. Келісілген уақыт және кафе немесе таверна”

депті. Дәл қазіргі ең өзекті мәселе семинарды қай жерде өткізетіндігімізде болып тұр. Тавернада танысу үшін жиналуға болғанымен, семинар өткізу үшін бізге инетке қосылған компьютерлер керек болар. Соған сай адам санымен өткізу күні анықталмақ. Әзірге бірнеше ой бар. Бірақ олардың барлығы қаңтардың онына дейін белгілі болады деген үміттемін.

  1. Астана қаласында журналистерге арналған, инетке қосылған компьютерлері бар орталықтар (Үкіметтік емес ұйымдар т.с.с.) бар ма?
  2. Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының журналистерге арналған сондай бір орталығы бар деп естігенмін. Олармен тек қаңтарда хабарласа аламын.
  3. Астана/Қарағанды қаласында оқу орындары (колледж, университет, инстиуттар) комп. кластарын жалға бера алам ма екен?
  4. Астана мен Қарағанды қалаларында аталған хабарды таратудың қандай жолдары бар?

Ақпараттық және моралдық көмек көрсетеміз деген Елсерікке, Бақытгүл мен Бақытнұрға алғысымды білдіремін. Басқа да ұсыныстарыңыз болса, хабарласыңыздар.

Блогшылар семинарын ұйымдастырайық!

Астана мен Қарағанды блогшыларына!

Қаңтар айының орта тұсында (18-19 күндерінің бірінде) Астана қаласында одан соң, Қарағанды қаласында «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыруды ойластырудамын. Осы семинарды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Ең әуелі осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардан, төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.

Нақты айтқанда:

  1. Астанада және Қарағандыда осы тақырыпта семинар өткізетін қандай жерлерді білесіз?
  2. Қай күн тиімді?
  3. Қазақ тілінде блог жүргізуге қатысты нақты қандай сұрақтар мазалап жүр?
  4. Аталған хабарландыруды өзгелерге де таратуда жәрдемдесе аласыз ба?
  5. Семинарға қандай жағдайда қатысып, қандай жағдайда қатыспас едіңіз?
  6. Жеке өзіңіз аталған семинарды ұйымдастыруда қандай жәрдем бере аласыз? (ақпараттық, материалдық, моралдық т.б.)
  7. Ұсыныстарыңызды пікір ретінде осы жерде қалдыруларыңызды сұраймыз.

Рига-2008 блогшылар жиынына қатыс!

Киевтегі BlogCamp 2007 блогшылар жиынынан соң, ригалықтар өз қалаларында келесі кездесуді ұйымдастыруды қолға алды. BarCamp Baltics 2008 жылдың 25-27 қаңтарында (Ескерту: Ұйымдастырушылар 8-10 ақпанға жылжытты. Суретті қараңыз) Ригада өтеді деп күтілуде.

Қосымша мәліметтердің барлығын арнайы парақшадан қарай аласыз. Бұл жиынға қазақ блогшылары да қатысар деген ойдамын. Тіркеу 15 қараша күні басталады. Бұйртса, Ригадағы жиын туралы қосымша ақпараттар жазып отыратын боламыз. Қапы қалма, қазақ блогшысы!

Тағы да BlogCamp-2007

ТМД мен Балтия елдері қатысқан BlogCamp-2007 бейконференциясының толықтырылған сайтын мына жерден    көре аласыздар.