Ұсынысты қолдаушылар

17 мамыр күні (16:00-17:00) уордпресті бірлесіп аударайық деген ұсынысты қолдағандарды атап өтейін:

Бақытнұр, Қуаныш, Асхат, Есенгүл, baurdotnet, Karakyz, Мақпал .

Барлықтарыңа рахмет, ұялып пікір қалдырмай жатқандар да бар екен 🙂 , сіздерге де рахмет !

Біразы офистің мекен-жайын біледі, сонда да жеке телефон мен офисті қалай табуды е-пошталарыңа жазып жіберемін.

Төртеуіміз офисте (Асхат, Мақпал, Karakyz және мен), қалғандары он-лайн шығады деп күтілуде. Жоспарларыңыз өзгеріп жатса айтыңыздар.

Мақпал мен Karakyz – офиске келу мүмкіншілігі болмай жатса еш реніш болмайды 🙂

Эльвира super!!!

Эльвира, қандай мақтау сөз айтсам да аз болады ғой саған. Шаршамай еңбектеніп, мақсатына жетуді сенен үйрену керек қой!!!

Білмейтіндерге: Эльвира 2007 жылдың 5 қарашасында осы блогта сұрақтар қойған болатын, оған сол сәтте де, кейін де мардымды жауап бере алмадық 😦

Бүгін Эльвираның блогына кірсем сол сұрақтарға жауапты тауып, блогын өзгертіп қойыпты. Сондай риза болдым 🙂

PS: “пікірлерді” қалай шығарғаныңды маған да айтшы 😉

Қазақ тілінде бірінші блог платформа: http://qazaqblogshilar.com/

Бір қарағанда бәрі оңай болып көрінеді ғой, кей кездері “келдім, көрдім, мақсатыма жеттім” дегің келеді. Бірақ … , осы бірақ кедергі болады да тұрады 🙂

Дегенмен, сіздерге бір хабар айтқым келіп отыр: “Қазақ тілінде бірінші блог платформа аштық ашуға талпыныс жасадық” десек қалай қарайсыздар? Мына жерге кіріп көріңіздер. Мақтаншақтық, асыра сілтеу негізі бойыма тән нәрсе емес деп ойлаймын. Басты ойымыз блог платформа ашу еді, қаншалықты қажет, ойымызды жүзеге асыра алдық па, болашағы не болмақ. Осы және тағы да басқа сұрақтар мазалап жатыр әрине. Істелетін жұмыс та көп, сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз керек-ақ.

Біразға дейін іздеу жүйелерінен табылмайтындай етіп жауып қойғанмыз, сондағы ойымыз “идеал”-ға жету еді, әрине оған жету қиын, бірақ барынша тырыстық. Сонда да олқылықтарымыздың көп екенін білеміз.

Сын-пікірлеріңізді ашық айтыңыздар, ол жұмысымызды жақсарта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.

Ең үздік пікірге мына сыйлықты Ригадан алып келеміз!

“Қазақ тіліндегі блогты дамытуға қатысты үздік идея” ұсынған оқырманға сыйламақшымыз. Байқау нәтижесін ертең шығарамыз! Толығырақ “Жаңаеуразияда”!

QB Астана блогшыларымен кездесуді жоспарлауда

Кімде қандай ұсыныс бар? Мүмкін болса, осы аптада Астана қаласындағы блогшылармен, блог бастауға ниеттеніп жүрген жандармен кездессем деймін.

Қарағандыдағы блогшылар семинарына қатыс

Интернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.

25-қаңтар, Жұма күні, Қарағанды қаласы, Кривогуза к-сі, 5 (5-қабат) «БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы» ұйымының кеңсесінде Блогқа, Интернетке байланысты «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» деген тақырыпта «neweurasia.net» Орталық Азия блогтар жүйесінің қазақ бөлімінің үйлестірушісі бір күндік арнайы семинар өткізеді.

Семинарда қазақ журналистеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жалпы интернеттің қазақ тілді бөлігіне қызығушылық танытқан жандарға қазақ тілінде блог (жеке сайт) жүргізудің жолдары көрсетілмек.

Жеке блог ашып, интернеттің қоғамға тигізер әсері жөнінде мағлұматтармен бөліскің келсе, блог, азаматтық журналистика, интернет деген сөздер қызығушылық тудырса, өз өтінішіңді askhat [at] neweurasia [nukte] net э-поштасына жолда. Өтініш хатта бұл семинарға не себепті қатысқың келетініңді баяндасаң жеткілікті.

Блогшылар семинарын ұйымдастырайық!

Астана мен Қарағанды блогшыларына!

Қаңтар айының орта тұсында (18-19 күндерінің бірінде) Астана қаласында одан соң, Қарағанды қаласында «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыруды ойластырудамын. Осы семинарды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Ең әуелі осы тақырыпқа қызығушылық танытқандардан, төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын.

Нақты айтқанда:

  1. Астанада және Қарағандыда осы тақырыпта семинар өткізетін қандай жерлерді білесіз?
  2. Қай күн тиімді?
  3. Қазақ тілінде блог жүргізуге қатысты нақты қандай сұрақтар мазалап жүр?
  4. Аталған хабарландыруды өзгелерге де таратуда жәрдемдесе аласыз ба?
  5. Семинарға қандай жағдайда қатысып, қандай жағдайда қатыспас едіңіз?
  6. Жеке өзіңіз аталған семинарды ұйымдастыруда қандай жәрдем бере аласыз? (ақпараттық, материалдық, моралдық т.б.)
  7. Ұсыныстарыңызды пікір ретінде осы жерде қалдыруларыңызды сұраймыз.