Cұраққа жауап

Ақзеренің сұрағы:

Халайық, менің блогымда “соңғы пікірлер” категориясы жоқ. Соны қалай шығарсам болады?

Уордпресте пікірді (оң жақ немесе сол жақ бағанада) көрсету үшін келесі әрекеттерді істеңіз:

  1. Құрал-саймандар тақтасына барыңыз.
  2. Дизайн (Design) бөліміне кіріңіз.
  3. Екінші жолда тұрған «Уиджеттер» дегенге кіріңіз.
  4. Ашылған беттегі тізімнің ішінен «Соңғы пікірлер» дегенді таңдап, «Қосу» түймесін басыңыз.
  5. Ол оң жақ бағанада пайда болады (ең соңында тұрады)
  6. Қаласыңыз оны тышқанмен ұстап қалаған жеріңізге ауыстыруға болады.
  7. Соңында «Өзгерістерді сақтаңыз» түймесін басыңыз.
  8. Блогыңызға кіріңіз де «Соңғы пікірлерді» көріп риза болыңыз 🙂

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (3)

Жалғасы. Басы 5, 6 мамырдағы жазбаларда.

Ұмытып кетіппін ғой,

блогшылардың 52ер жігіт болса, 19айдай сұлу арулар 🙂

Ескерту: сандарды бір-біріне қосқанда блогтардың жалпы саны шықпайды, өйткені арамызда 2-3 блог жүргізетіндер бар.

Тағы бір блог

Сәуірдің соңында ашылған блог:

http://ruslannnn.wordpress.com/

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (2)

Бір төбе деп «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында оқып жүрген студенттердің блогы http://mediamektep.blogspot.com/ -да тіркелген блогтарды атауға болады. Қазір бұл блог уордпреске көшкендіктен жалпы тізімде қамтылмаған.

2007 қараша айында блоспотта студенттердің 12 блогы ашылды. Өкінішке орай олар жалғасын таппады.

  1. Tauzhan http://tauzhan.blogspot.com/
  2. Ansar http://agu-inga.blogspot.com/
  3. Kelegoi http://kelegoi.blogspot.com/
  4. Perishte http://perishte.blogspot.com/
  5. KazGU http://kazgu.blogspot.com/
  6. Jiger http://bagila-jiger.blogspot.com/
  7. Galamtor http://galamtor.blogspot.com/
  8. Alau http://shingisq.blogspot.com/
  9. Тамшы http://bal-tamshy.blogspot.com/
  10. Шашбаулым http://akbota-arna.blogspot.com/
  11. Zhadyra http://zhadyra.blogspot.com/
  12. Akbilek http://akbilek.blogspot.com/

Сонымен жалпы блогтар санына қоссақ 75+12 = 87.

Осымен бірге 2007 жылдан бері жүргізілмеген блогтар саны да артады: 8 + 12 = 20

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (1)

Өзім блог басталғалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.

Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім жасауға тырыстым. Блогқа кіріп танысуларыңызға болады. Әлі ешкім өз блогында сілтеме бермеген блогтар болуы мүмкін (ондайларды білсеңіздер сілтемесін жазып жіберіңіздер ).

Сонымен, бүгін блог туралы блогта тіркеліп тұрған қазақ тіліндегі блогтар саны 75.

Оның ішінде:

wordpress.com – 33

blogspot.com – 29

livejournal – 3

blog.ru – 1

жеке домені барлары – 9.

Жеке домені бар 9-дың ішінде:

.kz – 5

.info – 1

.net – 1

.com – 1

.de – 1

Тізімдегі 2 блог өшірілген немесе мекен-жайы өзгертілген.

Халықаралық жобаның қолдауымен 1 блог жұмыс істейді.

Бірнеше блогы (2-3) бар блогшылар саны – 4.

2007 жылдан бері жаңартылмаған блогтар саны – 8 (нақтылауды қажет етеді).

Блогшылардың мамандығы бойынша зерттеу болашықтың ісі, қазір мен тек екеуіне тоқталайын: журналсист және мұғалім.

Журналистердің блогтары: жалпы саны 13

Оның ішінде:

wordpress – 8

blogspot – 4

livejournal – 1

2007 жылдан бері жазба жазылмағандары: 4

Соңғы 3 айда жазба жазылмағандары: 2

Мұғалімдердің блогтары: 3 (мектепте физика мұғалімі, колледж, университет) (тағы 1 блог бар, бірақ ол жаңартылмайды)

Бір жерден блог ашуға мүмкіндік беретін блог-портал 1. Қазіргі таңда ол жерде ашылған блогтар саны – 8. (Әзірге бұл мәліметтер есепке алынбайды)

Сонымен, осы мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жасап көріңіздер.

(Жалғасы бар)

Қазақ тілінде бірінші блог платформа: http://qazaqblogshilar.com/

Бір қарағанда бәрі оңай болып көрінеді ғой, кей кездері «келдім, көрдім, мақсатыма жеттім» дегің келеді. Бірақ … , осы бірақ кедергі болады да тұрады 🙂

Дегенмен, сіздерге бір хабар айтқым келіп отыр: «Қазақ тілінде бірінші блог платформа аштық ашуға талпыныс жасадық» десек қалай қарайсыздар? Мына жерге кіріп көріңіздер. Мақтаншақтық, асыра сілтеу негізі бойыма тән нәрсе емес деп ойлаймын. Басты ойымыз блог платформа ашу еді, қаншалықты қажет, ойымызды жүзеге асыра алдық па, болашағы не болмақ. Осы және тағы да басқа сұрақтар мазалап жатыр әрине. Істелетін жұмыс та көп, сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз керек-ақ.

Біразға дейін іздеу жүйелерінен табылмайтындай етіп жауып қойғанмыз, сондағы ойымыз «идеал»-ға жету еді, әрине оған жету қиын, бірақ барынша тырыстық. Сонда да олқылықтарымыздың көп екенін білеміз.

Сын-пікірлеріңізді ашық айтыңыздар, ол жұмысымызды жақсарта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.

:(

Кеше ғана уордпресті аудару барысы 2800-ге жетті деп мәз болып отыр едім, бүгін аудару жүйесіне кіріп, көңілім су сепкендей басылды.

kk — Қазақ тілі

2432 of 4235 strings

дегенді көрсетіп тұр.  Бұған дейін барлық тіркестер 3434 еді, қазір 4235-ке жетіпті. Сөздердің санының азайғанына қарағанда, жаңалары қосылып ескілерін алып тастаған ба…

Бұл түрмен уордпресті аударудың соңына жетпейтін болдым ғой 🙂