Баркемп туралы

BarCamp (баркемп) – (бей)конференция деп аталады, яғни конференция өткізудің жаңа бір форматы. Дүние жүзінде кең тараған.

Еуропа, Американы есептемегенде, былтырдан бері Киевте, Ригада, Львовта өтті. Енді тамыз айында Бішкекте (Қырғызстан) Орталық Азия баркемпі болады деп күтілуде.

Баркемпке негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.

Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.

Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:
1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3.
Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жаса
йды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады, және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.

Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой.

Қазақстандағы түрлі баркемпке қатысқан жастар осындай конференцияны біз де өткізейік деп ұсыныс айтқан болатын, соның нәтижесі қазір тек қана сайт түрінде көрініс тауып тұр. Әзірге орыс тілінде, қазақша да, ағылшынша да жазайық деп ұсыныс айтқанмын. Сондықтан қызығушылық танытқан мамандар қажет, сайтты жақсартуға, ыңғайлы қылуға кеңес беретін. (Cайтты жасаған Дима, логоны Даша жасады. Қазір тіркелгендер саны 12 адам.)

Қазақстанда мұндай форматтағы іс-шара әлі өткізілген жоқ, сонымен бірге мен баркемпке қазақ блогшылары, қазақ тілді ИТ мамандар белсенді қатысса екен деп ойлап едім. Сондықтан барынша хабарлап жатырмын, сонымен бірге сіздерді де белсенділік танытып қатысуға шақырамын.

Жалпы осы, сұрақтарыңызды күтемін.

PS: Баркемп кезінде презентацияларды өткізуді ұйымдастыру ерекшелігі туралы келесі жолы жазамын

Advertisements

Ұсынысты қолдаушылар

17 мамыр күні (16:00-17:00) уордпресті бірлесіп аударайық деген ұсынысты қолдағандарды атап өтейін:

Бақытнұр, Қуаныш, Асхат, Есенгүл, baurdotnet, Karakyz, Мақпал .

Барлықтарыңа рахмет, ұялып пікір қалдырмай жатқандар да бар екен 🙂 , сіздерге де рахмет !

Біразы офистің мекен-жайын біледі, сонда да жеке телефон мен офисті қалай табуды е-пошталарыңа жазып жіберемін.

Төртеуіміз офисте (Асхат, Мақпал, Karakyz және мен), қалғандары он-лайн шығады деп күтілуде. Жоспарларыңыз өзгеріп жатса айтыңыздар.

Мақпал мен Karakyz – офиске келу мүмкіншілігі болмай жатса еш реніш болмайды 🙂

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (1)

Өзім блог басталғалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.

Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім жасауға тырыстым. Блогқа кіріп танысуларыңызға болады. Әлі ешкім өз блогында сілтеме бермеген блогтар болуы мүмкін (ондайларды білсеңіздер сілтемесін жазып жіберіңіздер ).

Сонымен, бүгін блог туралы блогта тіркеліп тұрған қазақ тіліндегі блогтар саны 75.

Оның ішінде:

wordpress.com – 33

blogspot.com – 29

livejournal – 3

blog.ru – 1

жеке домені барлары – 9.

Жеке домені бар 9-дың ішінде:

.kz – 5

.info – 1

.net – 1

.com – 1

.de – 1

Тізімдегі 2 блог өшірілген немесе мекен-жайы өзгертілген.

Халықаралық жобаның қолдауымен 1 блог жұмыс істейді.

Бірнеше блогы (2-3) бар блогшылар саны – 4.

2007 жылдан бері жаңартылмаған блогтар саны – 8 (нақтылауды қажет етеді).

Блогшылардың мамандығы бойынша зерттеу болашықтың ісі, қазір мен тек екеуіне тоқталайын: журналсист және мұғалім.

Журналистердің блогтары: жалпы саны 13

Оның ішінде:

wordpress – 8

blogspot – 4

livejournal – 1

2007 жылдан бері жазба жазылмағандары: 4

Соңғы 3 айда жазба жазылмағандары: 2

Мұғалімдердің блогтары: 3 (мектепте физика мұғалімі, колледж, университет) (тағы 1 блог бар, бірақ ол жаңартылмайды)

Бір жерден блог ашуға мүмкіндік беретін блог-портал 1. Қазіргі таңда ол жерде ашылған блогтар саны – 8. (Әзірге бұл мәліметтер есепке алынбайды)

Сонымен, осы мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жасап көріңіздер.

(Жалғасы бар)