Аударма

Соңғы рет уордпрестегі аударма туралы жазғанда аударғанымыз 2432-ге түсіп қалып еді.

Енді міне бүгін сол аударма 3000 деген көрсеткішті көрсетіп тұр. Барлығы 4247 бірлік аударылуы тиіс. Яғни, әлі тағы 1247-сі бар деген сөз.

Менде мынадай ұсыныс бар (екінші рет қайталанбайды, өйткені осы жолы жүзеге аспаса ешқашанда жүзеге аспайды деген сөз ғой):

Осы аптаның соңында офисыма ағылшын тілін білетін уордпресті аударуға көмек көрсеткісі келетін 4-5 жастарды 1 сағат уақыттарын бөлуге шақырамын, олар open source, open software идеяларын түсініп қолдайтын болса тіпті жақсы 🙂 (өйткені ақша төлене ме деген сұрақты ешкім қоймайтын болады ) Басқа қаладағылар немесе Алматыдағы, бірақ компьютері мен интернеті үйде бар азаматтар он-лайн қатысса болады.

Өткізілетін уақыты: 17 мамыр сағат 16:00-17:00 немесе 18 мамыр сағат 11:00-17:00 аралығында таңдасаңыздар болады.

Компьтердің шектеулі болуына байланысты 4-5 адам деп отырмын, өздерінің лаптопымен келгісі келгендерге есік ашық.

Егер ұйымдаса алсақ, әр жерде орналасқан адамдардың бір істі жұмыла істегенінің куәсі бола аламыз 🙂

Осы жерде пікірлеріңізді қалдырып, ойларыңызбен бөліссеңіздер болады.

PS: мен үшін ең бастысы аударманың санын көбейту емес (өзім жайлап аудара беремін ғой), жастар өз беттерімен шешім қабылдап, идея (бұл жерде интернетте қазақ тілін дамыту деп оқыңыз) үшін жұмыс істей ала ма, жоқ па дегенді де білу.

Advertisements

Cұраққа жауап

Ақзеренің сұрағы:

Халайық, менің блогымда “соңғы пікірлер” категориясы жоқ. Соны қалай шығарсам болады?

Уордпресте пікірді (оң жақ немесе сол жақ бағанада) көрсету үшін келесі әрекеттерді істеңіз:

  1. Құрал-саймандар тақтасына барыңыз.
  2. Дизайн (Design) бөліміне кіріңіз.
  3. Екінші жолда тұрған «Уиджеттер» дегенге кіріңіз.
  4. Ашылған беттегі тізімнің ішінен «Соңғы пікірлер» дегенді таңдап, «Қосу» түймесін басыңыз.
  5. Ол оң жақ бағанада пайда болады (ең соңында тұрады)
  6. Қаласыңыз оны тышқанмен ұстап қалаған жеріңізге ауыстыруға болады.
  7. Соңында «Өзгерістерді сақтаңыз» түймесін басыңыз.
  8. Блогыңызға кіріңіз де «Соңғы пікірлерді» көріп риза болыңыз 🙂

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (2)

Бір төбе деп «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында оқып жүрген студенттердің блогы http://mediamektep.blogspot.com/ -да тіркелген блогтарды атауға болады. Қазір бұл блог уордпреске көшкендіктен жалпы тізімде қамтылмаған.

2007 қараша айында блоспотта студенттердің 12 блогы ашылды. Өкінішке орай олар жалғасын таппады.

  1. Tauzhan http://tauzhan.blogspot.com/
  2. Ansar http://agu-inga.blogspot.com/
  3. Kelegoi http://kelegoi.blogspot.com/
  4. Perishte http://perishte.blogspot.com/
  5. KazGU http://kazgu.blogspot.com/
  6. Jiger http://bagila-jiger.blogspot.com/
  7. Galamtor http://galamtor.blogspot.com/
  8. Alau http://shingisq.blogspot.com/
  9. Тамшы http://bal-tamshy.blogspot.com/
  10. Шашбаулым http://akbota-arna.blogspot.com/
  11. Zhadyra http://zhadyra.blogspot.com/
  12. Akbilek http://akbilek.blogspot.com/

Сонымен жалпы блогтар санына қоссақ 75+12 = 87.

Осымен бірге 2007 жылдан бері жүргізілмеген блогтар саны да артады: 8 + 12 = 20

Қазақ тілінде бірінші блог платформа: http://qazaqblogshilar.com/

Бір қарағанда бәрі оңай болып көрінеді ғой, кей кездері «келдім, көрдім, мақсатыма жеттім» дегің келеді. Бірақ … , осы бірақ кедергі болады да тұрады 🙂

Дегенмен, сіздерге бір хабар айтқым келіп отыр: «Қазақ тілінде бірінші блог платформа аштық ашуға талпыныс жасадық» десек қалай қарайсыздар? Мына жерге кіріп көріңіздер. Мақтаншақтық, асыра сілтеу негізі бойыма тән нәрсе емес деп ойлаймын. Басты ойымыз блог платформа ашу еді, қаншалықты қажет, ойымызды жүзеге асыра алдық па, болашағы не болмақ. Осы және тағы да басқа сұрақтар мазалап жатыр әрине. Істелетін жұмыс та көп, сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз керек-ақ.

Біразға дейін іздеу жүйелерінен табылмайтындай етіп жауып қойғанмыз, сондағы ойымыз «идеал»-ға жету еді, әрине оған жету қиын, бірақ барынша тырыстық. Сонда да олқылықтарымыздың көп екенін білеміз.

Сын-пікірлеріңізді ашық айтыңыздар, ол жұмысымызды жақсарта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.